Семейде кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

11.11.2026. Abai.Media. 2026 жылғы 16 қарашадан бастап Семей қаласындағы №1 халыққа қызмет көрсету бөлімі кезекші ХҚКО ретінде 408-орам, 21 мекенжайы бойынша жұмыс істейді.

Бауыржан Момышұлы көшесі, 22 мекенжайында орналасқан №2 бөлімде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты азаматтарға кезекші кесте бойынша қызмет көрсету уақытша №1 бөлімде жүзеге асырылады. Осылайша, жөндеу жұмыстары жүргізілетін кезеңде №2 бөлім әдеттегі жұмыс режимінде қызмет көрсетеді.

Еске салайық, халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Семей қаласының тұрғындары ХҚКО-ға бару уақытын «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы алдын ала брондай алады.

Abai.Media

Check Also

В области Абай завершён ремонт автодороги «Аягоз – Тарбагатай»: обновлённая трасса открыта для движения

11.11.2026. Abai.Media. Сегодня в области Абай состоялось торжественное открытие автомобильной дороги «Аягоз – Тарбагатай», вопрос …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *