Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

25.05.2026. Abai.Media. Бүгін аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан-қала әкімдері бейне режим арқылы қатысты.

Отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді және тақырыптық мониторинг нәтижелері, сондай-ақ, Абай облысының квазимемлекеттік секторындағы комплаенс-қызметтердің жұмысына жүргізілген талдау қорытындылары қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев баяндады.

Облыс әкімі жиында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, ішкі бақылау тетіктерін күшейту және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Check Also

В области Абай состоялось заседание межведомственной комиссии по противодействию коррупции

25.05.2026. Abai.Media. Сегодня под председательством акима области Берика Уали состоялось очередное заседание межведомственной комиссии по …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *