Облыс әкімі Шүлбі демалыс аумағының сол жағалауын дамыту жобасымен танысты

08.05.2026. Abai.Media. Аймақ басшысы Берік Уәли Шүлбі су қоймасының сол жағалауын абаттандыру және туристік әлеуетін дамыту бағытындағы жобалармен танысты.

Облыстық Туризм басқармасының басшысы Бекжан Бапышевтың айтуынша, жоба аясында жағалау аумағында демалыс инфрақұрылымын қалыптастыру және тұрғындар мен туристер үшін қолайлы жағдай жасау көзделген.

Жоспарға сәйкес жағалау аумағында тосқауылдар орнату, абаттандыру жұмыстарын жүргізу, дәретханалар мен киім ауыстыратын кабиналар орнату, барбекю аймақтарын жасау, шомылу аумағын белгілеу, кіреберіс жолдарын реттеу, автотұрақтар салу және бақылау мұнараларын қою қарастырылған. Сонымен қатар демалыс аймағын қоршау және қауіпсіздік талаптарын күшейту жоспарланып отыр. Осы жұмыстарды қолға алуды жоспарлап отырған инвесторлар да бар.

Аймақ басшысы жобаға қолдау білдіріп, іске асыруға кірісу қажеттігін атап өтті.

Шүлбі демалыс орнының сол жағалауындағы 6 шақырым аумақты абаттандыру жоспарланып отыр. Демалушылар үшін қолайлы жағдай жасап, заманауи талаптарға сай барлық қажетті жабдықтарды орнату қажет. Жалпы, Шүлбі су қоймасы – өңір үшін туристік қана емес, экономикалық тұрғыдан да маңызды аумақтардың бірі. Сондықтан жағалауды заман талабына сай абаттандырып, қауіпсіз әрі қолайлы демалыс орнына айналдыруымыз қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен әрі сапалы жүзеге асырылуы тиіс, – деді Берік Уәли.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Check Also

Аким области ознакомился с проектом развития левого берега зоны отдыха Шульбинского водохранилища

08.05.2026. Abai.Media. Глава региона Берик Уали ознакомился с проектами по благоустройству левого берега Шульбинского водохранилища …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *