Абай облысында Ақтөбе облысының мәдениет күндері басталды

20.04.2026. Abai.Media. Бүгін өңірімізге Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров бастаған арнайы делегация келді. Делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, ішкі саясат және мәдениет басқармаларының басшылары және шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздар бар.

Ақтөбе облысынан келген меймандар әуелі облыс әкімі Берік Уәлимен бірге Абай ауданына барып, Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» кесенесінде болып, ұлылар рухына тағзым етті. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына қарасты Абай музей-үйін аралап, құнды жәдігерлермен танысты.

Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында Семейде «Алтын бесік Ақтөбеден – Ұлы Абайға құрмет» атты Ақтөбе облысы өнерпаздарының гала концерті және Ақтөбе облысының тарихына негізделген тақырыптық көрме көрермен назарына ұсынылады.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Check Also

Госкорпорация расширяет сервис доставки готовых документов из ЦОН

24.07.2026. Abai.Media. Государственная корпорация «Правительство для граждан» расширяет перечень государственных услуг, по которым будет доступна …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *