Абай мұражайы 85 жылдығын атап өтуде

23.10.2025. 2025 жылдың 22 қазанында Абайдың “Жидебай-Бөрілі” мелекеттік музей қорығының құрылғанына 85 жыл толуына арналған «Заманауи музейтану: цифрландыру, қолжетімділік және тұрақты даму»  халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясы  өтті.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

Музейтану теориясы мен тарихы;

— Музей коллекцияларын сақтау, қалпына келтіру және есепке алудың заманауи әдістері;

— Көрме қызметі және экспозициялардың жаңа форматтары;

— Музей педагогикасы;

— Музей – креативті индустрия алаңы;

— Музейлерді цифрландыру, виртуалды экспозициялар және жасанды интеллектіні қолдану.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің атынан, Абай облысы әкімінің  және филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.С.Еспенбетов, Л.Н.Толстойдың музей-қорығы директоры Е.К.Толстая, Бердақ атындағы Қарақалпақ әдебиеті тарихы мемлекеттік музейінің директоры, Қарақалпақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Ш.Пайзуллаева, Шәкәрім университеті басқарма мүшесі-ғылым жөніндегі проректорЖ.Қалибекқызы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтыны «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы директорының орынбасары Мұқатаева Салтанат Амантайқызы құттықтау сөз сөйлеп конференция жұмыстарына сәттілік тіледі.

Пленарлық мәжіліс барысында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы директорының орынбасары М.С.Қайрамбаева «Абай музейі тарихының жылнамасы»; Беларусь мемлекетінің Янка Купала мемлекеттік әдеби музейінің ғылыми хатшысы Г.Ю.Варёнова (Минск, Республика Беларусь) «Государственный литературный музей Янки Купалы. Миссия сохранения наследия народного поэта беларуси в современном мире»;  әдебиеттанушы-философ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Шәкәрім университеті, Шәкәрімтану ғылыми орталығының басшысы  Т.Қ.Шаңбай «Музей фәлсапасы: генезис және метафизика»; Шәкәрім университетінің «Абай және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі А.Т.Смагулова «Шәкәрім шығармашылығын зерттеуде Абай музейі қорындағы қолжазбалардың дереккөздік құндылығы»; «Музей экспозициясын жасақтаудағы негізгі ұстанымдар мен түсініктер»  тақырыбында «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Б.Қ.Байболов  баяндама жасады.

Сонымен қатар конференцияға Семей қаласының зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, Абай музейінің ардагерлері мен ұрпақтары қатысты.

Abai.Media

Check Also

Абай гарнизонында базалық дайындық сабақтары өтуде

08.06.2026. Abai.Media. Абай гарнизонының әскери бөлімдерінде жазғы оқу кезеңі басталар алдындағы базалық дайындық сабақтары жүргізілуде. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *