Қала әкімі ПИК өкілдерімен кездесу өткізді

04.04.2025. Қала әкімі Талғат Мұратов пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен және өкілдерімен кездесу өткізді. Ашық диалог форматында өткен жиында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, кооператив өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарды қойды, деп хабарлайды Abai.Media.

Кездесу барысында аулаларды абаттандыру, қоқыс шығару, сенбілік ұйымдастыру, тұрғын үйлерді күтіп-ұстау және басқа да мәселелер көтерілді. Қала әкімі барлық сұрақтарды мұқият тыңдап, оларды шешу жолдарын ұсынды.

Семей – біздің ортақ үйіміз. Қаламызды көркейту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан әр тұрғынның, әр ұйымның белсенді қатысуы маңызды. Бірлесе әрекет етсек, қаламыздың келбетін жақсартып, өмір сүруге жайлы етуге толық мүмкіндігіміз бар

деді Талғат Мұратов

Кездесу қорытындысы бойынша әкім тиісті мекемелерге заң аясында мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар беріп, бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті.

Abai.Media

Check Also

Госкорпорация расширяет сервис доставки готовых документов из ЦОН

24.07.2026. Abai.Media. Государственная корпорация «Правительство для граждан» расширяет перечень государственных услуг, по которым будет доступна …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *