АБАЙ ГАРНИЗОНЫНЫҢ ЖАС САРБАЗДАРЫ  ӘСКЕРГЕ БЕЙІМДЕЛУДЕ

22.11.2024. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 30217 әскери бөлімінде Ақмола, Павлодар облыстары мен Өскемен қаласынан күзгі шақыртумен келген жас толыммен жалпы әскери дайындық негіздері бойынша сабақтар басталды.

Әскери бөлімге келген 120 сарбаз саптық, дене шынықтыру, атыс, әскери-медициналық даярлық негіздерін, жалпы әскери жарғыларды және әскери қызмет қауіпсіздігін зерделеуге толықтай кірісті. Сабақтар казармада, оқу ғимаратында және тактикалық алаңда өткізілуде.

Осы кезеңде жаңадан келген сарбаздарға әскери қызметтің негізі мен мақсатын меңгеру, әскери қызметшілердің күн тәртібі мен жалпы міндеттерін, қару-жарақ пен әскери техниканың жауынгерлік қасиеттері мен жалпы құрылымын, сондай-ақ дене шынықтыру дайындығы бойынша әдістер мен жаттығуларды меңгерту қажет.

Алдағы уақытта жас сарбаздармен оқу полигонында атыс дайындығы және радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау құралдарын пайдалану тәртібі бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілетін болады.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Check Also

Абай гарнизонында базалық дайындық сабақтары өтуде

08.06.2026. Abai.Media. Абай гарнизонының әскери бөлімдерінде жазғы оқу кезеңі басталар алдындағы базалық дайындық сабақтары жүргізілуде. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *