Семей қаласында заңсыз қоқыс үйінділерін жою жұмысы жалғасуда

15.11.2024. Бүгін Семей қаласында заңсыз қоқыс үйінділерін жою жұмыстары Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды, деп хабарлайды Abay.Semey.press.

Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасуда. Ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес, 2024 жылдың сәуір-қазан айлары аралығында өңірде 102 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды. Бүгінде оның 55-і толық жойылды, ал қазіргі уақытта 47 қоқыс үйіндісін жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 2023 жылы қала әкімінің тапсырмасымен 283 қоқыс үйіндісін толық тазаланған болатын.

Қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту және заңсыз қоқыс үйінділерін жою бағытында атқарылып жатқан шаралар өз нәтижесін беріп келеді.

Нұрбол Нұрсағатов қоқыс шығару жұмысын қатаң бақылауға алуды, сондай-ақ, рұқсатсыз жерге қоқыс төккендерге тәртіптік шара қабылдау керектігін атап өтті.

Abay.Semey.press

Check Also

Госкорпорация расширяет сервис доставки готовых документов из ЦОН

24.07.2026. Abai.Media. Государственная корпорация «Правительство для граждан» расширяет перечень государственных услуг, по которым будет доступна …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *