Жас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

29.10.2024. 28 қазанда шамамен 17:15-те Семей қаласындағы Қабанбай батыр мен Уранхаев көшелерінің қиылысында 18 жастағы «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Abay.Semey.press.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 54 жастағы жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тексеру жүргізілуде.

Абай облысының полиция департаменті барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жаяу жүргіншілер өткелдерінде барынша сақ болуға шақырады.

Abay.Semey.press

Check Also

Бронирование талонов единой электронной очереди по стране

05.10.2026. Abai.Media. В рамках Года цифровизации Государственная корпорация «Правительство для граждан» продолжает работу по внедрению …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *