Жылу нысандары тексерілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков қаладағы негізгі жылумен қамтушы нысандарды аралап, алдағы жылу беру маусымына дайындық барысын тексерді.

Атап айтқанда, «35 квартал», «Ветеринария институты», «РК-3», «ЖЭО-1», сондай-ақ «№5 мектеп-интернат» қазандықтарында болып, жылу желілерінің жөндеу жұмыстарын бақылап қайтты.

Жүргізілген жұмыстардың сапасына және нысандарды қысқы жылу маусымына дайындау мерзіміне ерекше назар аударылды. Облыс әкімінің орынбасары қыс мезгілінде тұрғындарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін барлық жұмыстарды уақытылы аяқтау қажеттігін баса айтты.

Мердігерлерге жұмыстарды дер кезінде, әрі сапалы аяқтау жөнінде тапсырмалар берілді.

Check Also

Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді

24.07.2026. Abai.Media. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *