Еліміздің әскерін қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесіне бейімдеу аса маңызды

Абай гарнизонына қарасты 30217 әскери бөлімі «Шығыс» оқу жаттығу полигонында қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар жағдайында жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің жаңа нысандары мен әдістерін ұсынды.

Атап айтқанда әскерилерге траншейлік ұрыс әдіс-тәсілдеріне арналған жаттығулар өткізілді. Оның барысында жауынгерлер қорғаныс позициясын құрудың, қорғаныс пен шабуыл жасаудың ерекшеліктерін зерттеді. Ал нұсқаушылар оларды дауындау үшін бәрін барынша шынайы жасады.

  — Окоптық оқу-жаттығулар жау позициясын барлау, оның барысында оларға шабуылдау, окоптық жүйені құруға бағытталған. Оқу-жаттығуда жұптасып жұмыс істеу, топ арасында үйлесімділік болуы аса маңызды, — дейді арнайы мақсаттағы барлау ротасының командирі капитан Елдос Асан.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Check Also

«Абай елі – өнер кеніші» көркемөнерпаздар байқауына іріктеу басталды

23.04.2026. Abai.Media. Облыс әкімі Берік Уәлидің бастамасымен, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *