Еліміздің әскерін қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесіне бейімдеу аса маңызды

Абай гарнизонына қарасты 30217 әскери бөлімі «Шығыс» оқу жаттығу полигонында қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар жағдайында жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің жаңа нысандары мен әдістерін ұсынды.

Атап айтқанда әскерилерге траншейлік ұрыс әдіс-тәсілдеріне арналған жаттығулар өткізілді. Оның барысында жауынгерлер қорғаныс позициясын құрудың, қорғаныс пен шабуыл жасаудың ерекшеліктерін зерттеді. Ал нұсқаушылар оларды дауындау үшін бәрін барынша шынайы жасады.

  — Окоптық оқу-жаттығулар жау позициясын барлау, оның барысында оларға шабуылдау, окоптық жүйені құруға бағытталған. Оқу-жаттығуда жұптасып жұмыс істеу, топ арасында үйлесімділік болуы аса маңызды, — дейді арнайы мақсаттағы барлау ротасының командирі капитан Елдос Асан.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Check Also

ХҚКО және МХҚКО наурыз айында қалай жұмыс істейді?

06.03.2026. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *