Білім

WorldSkillsAbai–2025 чемпионаты өз мәресіне жетті: 165-тен астам студент жүлдегер атанды

21.05.2025. Абай облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында ұйымдастырылған WorldSkillsAbai–2025 өңірлік чемпионатының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Чемпионат мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру, жастар арасында кәсіби шеберлікті насихаттау және еңбек нарығына қажетті кадрларды даярлау. 12 мамырда басталған чемпионатқа Абай облысының 215 студенті қатысты. Олар 55 құзыреттілік бойынша бақ сынап, қатысушылардың жұмыстарын 300-ден астам сарапшы бағалады. Жабылу рәсіміне Абай …

Абай облысының оқушылары апат кезінде қолдануға болатын су сүзгісін ойлап тапты

13.05.2025. Аягөз ауданындағы көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушылары Ильяс Закиров пен Диас Дастанов қарапайым заттардан тиімді су сүзгісін жасап шығарды. Бұл құрылғыны су тасқыны, жер сілкінісі немесе ауызсу жүйесі істен шыққан жағдайда шұғыл көмек құралы ретінде пайдалануға болады. Жас өнертапқыштар көктемгі еріген қар мен жауын суларының босқа кететінін байқап, оларды сүзгіден өткізу арқылы уақытша ауызсу көзіне айналдыруды ұсынды. Сүзгі тұрмыста …

Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында 1200 орындық мектеп ашылды

01.04.2025. Бүгін Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған №51 білім ордасының ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, «Самұрық Қазына констракшн» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов, білім саласының ардагерлері, ақсақалдар және ата-аналар қатысты. Жаңа да жайлы мектепте оқушылардың жан-жақты білім алуына барлық жағдай жасалған. Заманауи жабдықтармен толық қамтамасыз етілген білім ордасында …

Абай облысында арнайы білім беру ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізілуде

12.03.2025. Абай облысында арнайы білім беру ұйымдарының қызметіне кешенді мониторинг басталды. Оған облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев, білім басқармасының басшысы, сондай-ақ адам құқықтары мен бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер қатысты, деп хабарлайды Abai.Media. Мониторинг аясында оқу процесі, материалдық-техникалық база және жөндеу жұмыстарының жай-күйі қарастырылады. Әсіресе, шатырды жөндеу мен спорт залдарын салу қажеттілігіне баса мән берілді. Алдын ала мониторинг нәтижелері бойынша …

Абай облысында алғаш рет «Vipusknik.kz-2025» республикалық білім көрмесі өтуде

21.02.2025. Бұл ауқымды шараға Астана, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Өскемен және Семей қалаларынан келген еліміздің 19 жетекші жоғары оқу орны мен Семейден 4 колледж қатысып отырдеп хабарлайды Abai.Media. Көрменің басты мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге жоғары білім беру мүмкіндіктері туралы кең ақпарат ұсыну, кәсіби бағдар беру және жетекші оқу орындарымен тікелей байланыс орнату. Абай облысы әкімдігі мен білім басқармасының қолдауымен …

Оқушылар сарайының құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде

18.02.2025. Семейде балалар мен жастардың жан-жақты дамуына үлес қосатын көпфункционалды орталық, яғни Оқушылар сарайының құрылыс жұмыстары жалғасуда. Салынып жатқан ғимараттың жалпы аумағы – 2,1 га, ал ауданы – 9 800 шаршы метр, деп хабарлайды Abai.Media. Оқушылар сарайы бір мезгілде 500 адамды қабылдай алады. Абай облысы құрылыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риахановтың сөзіне қарағанда, негізгі құрылыс жұмыстарының 80 пайыздан астамы аяқталған. Монолит …

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі

11.02.2025. Абай облысында 2025 жылғы 1 наурыздан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев ваучерлік қаржыландырудың маңыздылығын және оны енгізу тетіктерін таныстырды. Жаңа жүйенің басты мақсаты – мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру, ата-аналарға балабақшаны еркін таңдау мүмкіндігін ұсыну және мемлекеттік қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету. Кездесуге Семей қаласының 70-ке …

«Серпін» бағдарламасы бойынша 200 баланы жұмысшы мамандығына қабылдау жоспарланған

16.01.2025. Жұмысшы мамандықтар жылының салтанатты ашылуы «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі аясында ақпан айына жоспарланған. Алаңдар (көшелер мен үйлер) анықталды. Біздің облыстан 3 үй, яғни геологтар, гидрогеологтар және жобалаушылар үйі қаланады, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Облыстық білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Вилена Жакупбаеваның айтуынша, жұмысшы мамандықтар жылына орай, аймақтың барлық әкімдіктері мен облыстық басқармалары жоспарға сәйкес 300-ге жуық …

Өңірдегі 21 колледж жұмысшы мамандықтар бойынша мамандар дайындайды

16.01.2025. Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай оқу орындарындағы жұмысшы мамандықтарды даярлау тақырыбында брифинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Өңірде 5444 студент білім алып жатқан 21 колледж жұмысшы мамандықтар бойынша мамандар дайындауда. Бұл туралы Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Құрманова атап өтті. — 2024-2025 оқу жылында оқуға 5900 студент қабылданды, оның ішінде 2000 студенттің жұмысшы біліктілігі …

Ұлағатты ұстазды мерейлі мерейтойымен құттықтады

02.01.2025. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ұлағатты ұстаз, «Қазақстанның Еңбек Ері» Алма Шүкежанованы 75 жас мерейтойымен құттықтап, Президенттің құттықтау хатын табыстады, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Халқымыз ұлағатты ұстазды ерекше қадірлейді. Осы беделді қызметті абыройлы атқарып, өскелең ұрпақтың сана-сезіміне білім мен тәрбие, жүректеріне ізгілік нұрын құя білдіңіз. Жарты ғасырдан астам ерен еңбегіңіз айрықша бағаланып, еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктеріңіз үшін ең …