Абай облысы

Жылу нысандары тексерілді

Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков жылу маусымына дайындықты бақылау мақсатында жылу нысандарын аралады. Атап айтқанда, Қарағайлы шағын ауданындағы блок-модульді қазандығы, «№5 мектеп-интернаты» қазандығы, «МЭН» қазандығы, «103-103А» «Нива» дүкені, А,Б,В кварталдары, ЦТП–15/1 сынды нысандарда болды. Барлық мердігерлік ұйымдарға жұмыстарды уақтылы және сапалы орындау қажет екендігі айтылды.

Аймақ басшысы Семейдегі құрылыс жұмыстарын тексерді

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қала ішіндегі өзінің кезекті жұмыс сапарын Бейбітшілік аралынан бастап, жұмысы аяқталуға жақын теміржол құрылысын көрді. Ұзындығы 2 шақырымды құрайтын жаңа желіде үш вагон мен бір тепловоз қызмет көрсетеді. Пойызда 32 орын бар, сыйымдылығы 70 адамға дейін жетеді. Дәл осы аралға әр беріп тұрғанның бірі — этноауыл. Аймақ абаттандырылуда. Қазірдің өзінде туристік ақпарат орталығы мен кәдесыйлар дүкені, …

Үржар ауданында ауыл шаруашылығы даму үстінде

Соңғы екі жылда жергілікті фермерлер заманауи 416 бірлік ауылшаруашылық техникасын сатып алды. Бұл 180 шаруа қожалығына өнімділікті арттыруға және жерді өңдеу сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Ауданның негізгі міндеттерінің бірі – су тапшылығы мәселесін шешу. Ол үшін ауыл шаруашылығы құрылымдары су үнемдеу технологияларын енгізуде. 2024 жылы мұндай технологиялар 1230 га аумақта қолданылды. Мысалы, «Мұхит-Агро» ЖШС 183 га қытай бұршағы мен 777 …

Курчатов қаласында су құбырларын ауыстыру жұмыстары жүргізілді

«Курчатов Водоканал» МКК кәсіпорнына жөндеу және тазарту құрылыстары кешеніне қызмет көрсетілетін болады. Бұл туралы « Курчатов Водоканал» МКК директоры Мұрат Аринов баяндады. — Қаламызда 98,8 км – сумен жабдықтау желілері, 42,7 км – кәріз желілері, 1 су жинау, 3 су көтергіштерді қайта айдау, 4 кәріз сорғы станциялары жөнделмек. Жоспар бойынша, 297 млн теңге бөлінген, оның ішінде 153 млн сумен жабдықтауға, …

Абай облысында жаяу жүргіншіні қағып кеткен Toyota жүргізушісі ұсталды: сотқа дейінгі тергеу басталды

23 қыркүйек күні Toyota Land Cruiser 200 маркалы автокөлігінің жүргізушісі Бозтаев көшесімен Селевин көшесіне қарай келе жатып, жаяу жүргіншілер жолағымен өтпек болған қызды қағып кетті. Қыз оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша көлік құралдарын басқару немесе пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған қылмысқа байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысы Абай облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Ақсуат ауданында Астана тұрғыны марихуана сақтағаны үшін ұсталды

Ақсуат ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Астана тұрғынының жалдамалы үйінде есірткі заттарын сақтағанын анықтады. Алынған ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшылары дереу көрсетілген мекен-жайға барып, үйде тінту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, үйден есірткі заттарына ұқсас заттар салынған пакеттер табылды. Пакеттер заттай айғақ ретінде тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар 23,88 грамм кептірілген марихуана болып шықты. Аталған факті бойынша есірткі …

Арнайы тактикалық оқу-жаттығулар өтуде

Абай облысының аумақтық қорғаныс күштерінің бригадасында арнайы тактикалық оқу-жаттығулар өтіп жатыр. Оқу-жаттығуларына осы бригадаға тіркелген әскери міндеттілер шақырылды. Абай облысының әкімдігімен ұйымдастырылған жиынға облысқа қарасты қала, аудандардан келген жүзден аса запастағы офицер, сержант, қатардағы жауынгерлер он күн бойы дайындық деңгейлерін пысықтайды. Атап өтерлік жайт, оқу-жаттығуға әскер қатарында болмаған азаматтарда қатысып, әскери тәртіптің қыр-сырына қанығуда. Олар оқу-жаттығудың ашылу салтанатында Әскери ант …

Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мәселелері назардан тыс қалмайды

Абай облысы әкімдігінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардың мәселелерін шешуге арналған жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде Семей қаласындағы №6 арнайы мектеп-интернатындағы абаттандыру және қайта жаңғырту жұмыстары, сондай-ақ тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру, екінші ауысымда оқитын оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері қаралды. Маңызды мәселелердің бірі – маршруттық автобустардың қозғалысы және балаларды мектептерге тегін тасымалдауды ұйымдастыруға арналды. Бүгінде қала мен …

Қытайлық компания Семейде құрылыс материалдарын шығаратын зауыт салуды ұсынды

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қытайлық «Xinjiang Tengbo Thermal Power Co., Ltd» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде көпқабатты үйлер салу, құрылыс оның ішінде кірпіш, пенопласт және ғимараттың қасбетіне қажетті материалдар шығаратын зауыт салу бойынша ынтымақтастықтың болашағы талқыланды. Келіссөз барысында тараптарға ортақ негізгі мәселелер мен өңірде жаңа нысандарды орналастыру нұсқалары қарастырылды. Атап өтерлігі, компания жоспардағы жобаларын жеке инвесторлар есебінен жүзеге асырады. «Xinjiang …

Аймақ басшысы халықаралық чемпионаттың жүлдегерлерімен кездесті

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «WorldSkills Lyon 2024» халықаралық чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен студенттермен кездесті. Аймақ басшысы дүние жүзілік білім сайысында облыс намысын абыроймен қорғаған студенттер мен олардың жетекшілеріне алғыс білдіріп, ақшалай сертификаттар табыс етті. «Біз сіздермен мақтанамыз. Қай кезде де қолдау білдіруге дайынбыз. Облыста оқушылардың лайықты білім алуы үшін бар жағдай жасалуда. Семейде Оқушылар сарайы салынып жатыр. ІТ бағыттағы …