Абай облысы

Семейде Қазақстандағы алғашқы фиброцементті қасбеттік тақталар шығаратын зауыт ашылды

Бүгін Семей қаласында Қазақстандағы алғашқы фиброцементті тақталар шығаратын «Семей Құрылыс Материалдары» ЖШС зауытының ашылуы өтті. Ашылу рәсіміне қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты. Фиброцементті қасбеттік тақталар өндірісінің іске қосылуы заманауи материалмен Қазақстанның барлық аймақтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Зауыттың өндірістік желілері озық жабдықтармен қамтамасыз етілген және халықаралық сапа стандарттарына сай келеді. Өндірістік қуаты жылына 2 000 000 м² фиброцементті тақта шығаруға …

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі жұмыс сапарымен Абай облысында болды

ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева өңірімізге жасаған жұмыс сапарында Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сарсебаевпен бірге техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының бүгінгі жай-күйімен танысты. Әсіресе, мемлекет басшысының білім жүйесін дамыту, оның сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалуына назар аударылды. Бүгінде Абай облысында 33 техникалық және кәсіби білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Соның ішінде жоғары IT және жаңа технологиялар колледжі …

Ақсуат ауданында көше жолдарын жөндеу жұмыстары жалғасуда

Қазір Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында шұңқырларды жабу жұмыстары аяқталды. Бұл жол жабынын едәуір жақсартты. Бұған дейін Косаев көшесінде осындай жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Жақын арада Нұрбеков пен Абай көшелерінде жұмыстар жалғасады, ал алдағы уақытта басқа да учаскелерді жаңарту жоспарлануда. Сонымен қатар, аудан орталығында жаңа аялдамалар пайда болды. Жұмыстар мердігер «Ахынов Манат Серікұлы» ЖК күшімен атқарылуда. Енді Ақсуат тұрғындары мен қонақтары …

Абай облысында «е-Otinish» АЖ ақпараттық жүйесімен жұмыс сарапталды

Облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Анар Жакупованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы әкімшілік іс жүргізу кодексінің нормаларын сақтау және «е-Otinish» АЖ ақпараттық жүйесімен жұмыс мәселелері бойынша семинар өтті. Семинарға облыс әкімдігінің, қалалар мен аудандардың, сондай-ақ облыстық басқармалардың өкілдері, жергілікті атқарушы органдарға қарасты ұйымдардың үш жүзден астам өкілдері қатысты. Баяндамашы ретінде түрлі бөлімдердің мамандары, облыстың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Назгүл Мұқашева …

Бесқарағайда жаңа саябақ ашылды

Бесқарағай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында жаңа саябақтар салу белсенді жүргізілуде. Соның бір жарқын дәлелі — аудан орталығында «Орталық саябақ» ашылып, халық игілігіне берілді. Аумағы 1.0079 га қамтитын саябақта балаларға арналған ойын және воркаут алаңдары бар. Мерекелік кештерді өткізуге арналған сахна, LED-экран да орнатылған. Саябақтың ашылуына қатысқан аудан әкімі Талғат Мұратов тұрғындарды құттықтап, жылы лебізін білдірді. Саябақты ашу …

Аягөзде жаңартылған стадион пайдалануға берілді

«ALAÑ» жобасы аясында Аягөзде жаңартылған Орталық стадионның ашылу салтанаты өтті. Шараға Абай облысы әкімінің орынбасары Әділбек Мұсабаев, Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов және футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов, жоба серіктесі қатысты. «Бұл стадион спорттық инфрақұрылымның дамуының керемет үлгісі ғана емес жас футболшыларға жасалған тосын сый. Стадионның қайта жаңғыртылуы Аягөз қаласының дамуындағы үлкен қадам. Бұл алаң біздің спортшыларымыздың …

Жарма ауданында тұрғындарға баспана кілті табыс етілді

«Қуатты аймақтар – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Қалбатау және Жаңаөзен ауылдарында баспана кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Қалбатау ауылында отбасыларға екі пәтерлі 5 үй, ал Жаңаөзен ауылында екі пәтерлі 2 үй берілді. Шара барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Сәтпеков тұрғындарды жаңа баспаналарымен құттықтады. Мерекелік көңілді күйді аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өз өнерлерімен жалғастырды. Шараның маңызды бөлігінің …

Абай ауданында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында ауданы 65 және 85 шаршы метр болатын екі пәтерлі бір қабатты 35 тұрғын үй салынуда. Жаңа тұрғын үйлер Саржал, Қасқабұлақ, Кеңгірбай би, Қарауыл, Медеу, Көкбай, Құндызды, Архат ауылдық округтері мен Орда елді мекенінде бой көтеруде. Құрылыстың аяқталуы қазан айына жоспарланған. Республика күніне орай Қарауылда 20 пәтер, Кеңгірбай би ауылында 8 пәтер, ал Медеу ауылында …

Ұландар антқа адал  

Шоқан Уәлиханов атындағы Жас Ұлан лицейінде тәрбиеленушілері салтанатты антын қабылдады. Іс-шара ата-аналардың, ардагерлердің және тәрбиеленушілердің қатысуымен өтті. Оқу орнының саптық алаңына офицерлер, шақырылған қонақтар мен ата-аналар жиналды. Саптық қадаммен бірінен соң бірі шығып, ұландар өмір бойы есте қалатын салтанатты ант мәтінін айтты. Жаңадан лицей қабыоғасына келген ұландарды запастағы полковник Александр Коновалов құттықтап Ұлан антының маңыздылығын атап өтті:  — Сіздер қазір …

Результаты антимонопольной работы в области Абай

По итогам работы Департамента Агентства по защите и развитию конкуренции по областии Абай за 9 месяцев текущего года было проведено 13 анализов состояния конкуренции на товарных рынках. Об этом сообщила руководитель департамента Динара Мукаева. — Основной целью анализа является оценка уровня конкуренции, выявление субъектов, занимающих доминирующее или монопольное положение, а также разработка мер по защите и развитию конкуренции, предотвращению и …