27.11.2024. Бесқарағай ауданының Ерназар, Қоянбай ауылдары мен «Морозов» орман шаруашылығында интернет желісін орнату жұмыстары басталды. Бұл жергілікті тұрғындар үшін маңызды оқиға. Өйткені, бұл мәселенің шешімін тұрғындар жылдар бойы күткен. Интернетке қосылу жайы аудан әкімі Талғат Мұратовтың өткен жылы халықпен кездесуінде көтерілген болатын. Мәселе егжей-тегжейлі зерттеліп, қажетті мақұлдаулардан кейін жұмыс басталды. Жоспар бойынша монтаждау жұмыстары желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде аяқталады. Осыдан …
→Абай облысы
Абай облысында контрафактілік алкоголь өнімдерін сатудың фактісі тоқтатылды
26.11.2024. Семей қаласында ҰҚҚБ қызметкерлері 27 жастағы жергілікті тұрғынның заңсыз әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Ол жертөле бөлмесінде контрафактілік алкоголь өнімдерін жасап, оны бөлшек саудамен сатуды ұйымдастырған. Оперативті шаралар барысында 358 литр спирт және 650-ден астам бөтелкеге құйылған дайын алкоголь өнімдері тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Abay.Semey.press
→Облыс әкімінің орынбасары Мақаншыдағы материалдық-техникалық базаның жетіспеушілігін атап өтті
26.11.2024. Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев жұмыс сапарымен Мақаншы ауданына барды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Сапар барысында әлеуметтік мәселелерді шешуге, білім беру, спорт, мәдениетті дамытуға, сондай-ақ ономастика бойынша жұмыстарға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері көтерілді. Конфессияаралық және ұлтаралық тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететін шараларға ерекше назар аударылды. Бақты ауылында Бейсембай Сахариев атындағы орта мектеп-балабақшасы 2016 жылы салынған. Білім мекемесінің жалпы …
→Қарағайлы ауданында жыл соңына дейін блоктық-модульдік қазандық пайдалануға беріледі
26.11.2024. Семей қаласының Қарағайлы ауданындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды уақтылы пайдалануға беруді қамтамасыз ету үшін «КАЗЭНЕРГОМАШ-Т» ЖШС қаражаты есебінен қуаты сағатына 21,5 Гкал болатын блокты-модульді қазандықтың құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Жобаның аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың соңына жоспарланған. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жұмыс барысымен танысу үшін құрылыс алаңына болып қайтты. Қазіргі уақытта нысанда дренаждық жүйелер, ауа өткізгіштер, жалпы коллектор, …
→Алдағы бес жылда өңірде жаңа су қоймалары салынбақ
26.11.2024. Абай облысында вегетациялық кезең сәтті аяқталды. Бұл туралы, бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан филиалы директоры Нұржан Әміржанов баяндады, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Оның айтуынша «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан филиалы Абай облысы бойынша 3 су қоймасын, 20 су торабын, 41 магистральдық каналды және 1 топтық су құбырын пайдаланып келеді. — Маусымдық вегетациялық кезеңнен сәтті өттік. Осы …
→Облыс әкімі Shengsong компаниялар тобы өкілдерімен кездесті
25.11.2024. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ағаш тақтайшаларын өндіруге арналған технологиялық желілерді жобалауға маманданған Shengsong компаниялар тобы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Осы салада он жылдан артық тәжірибесі бар компания Қытайдың жетекші өндірушілерімен тығыз жұмыс істейді. Сондай-ақ, келіссөзге Beijing ZHAOSHANG Technology Co., LTD өкілдері де қатысты. Shengsong — Қытайдағы ағаш тақтайшаларын өндіруші ең ірі кәсіпорындардың бірі. Өнімдер қатарында ДСП, МДФ/ХДФ …
→САРБАЗДАР АЛҒАШҚЫ АТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫН ОРЫНДАДЫ
25.11.2024. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының жас сарбаздары алғаш рет ату жаттығуларын орындады. Тәжірибелік атыс дайындығы бойынша сабақтар атыс тирында өткізілді. Атыс жаттығуы орындалар алдында әдеттегідей әр жауынгерге сержанттар нұсқаулық өткізді. Бұл өз кезегінде жас сарбаздар үшін ату мен дәл көздеуде өте пайдалы. Атап айтқанда сарбаздар қару-жарақпен алғашқы атыс жаттығуын сапалы орындау үшін оқу нүктелерінен өтті. Айталық «КЯ-83» станогы атыс …
→«Энергетик» ықшам ауданының мәселелерін шешу бойынша Жол картасы әзірленеді
24.11.2024. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Энергетик» шағын ауданы тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Аймақ басшысымен бұған дейінгі кездесуде тұрғындар абаттандыру, ыстық су, көше жарығы, балалар алаңын салуға қатысты мәселелерді жеткізген болатын. Бұл жолғы кездесуде шағын ауданды дамытудың нақты жоспары ұсынылып, проблемаларды кешенді түрде шешу үшін Жол картасының әзірленгені, алдағы уақытта толықтырылатыны айтылды. Жол картасына жылу, электр, су желілерін инвентаризациялау, …
→1 қаңтардан бастап Семейде қоғамдық көлікті субсидиялаудың жаңа моделі енгізіледі
24.11.2024. Қарапайым тілмен айтқанда, тасымалдаушы жолаушылардың қатысуымен емес, жүрілген километрлер бойынша қаржы алады, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Бұл жүргізушілерді көбірек желіде қалуға ынталандырады. – Мысал ретінде айтар болсақ, Абай облысы құрылмас бұрын техниканың маршруттарға шығу пайызы небәрі 50%-дан аспайтын. Бұл мәселе тасымалдаудың сапасына айтарлықтай әсер етті. Облыс құрылғалы бері біз осы мәселемен жұмыс істей бастадық. Қазіргі уақытта автобустардың маршруттарға шығу пайызы …
→Абай облысында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды
24.11.2024. 2024 жылдың 23-25 қараша аралығында Абай облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Шараның негізгі мақсаты — көшелерде және қоғамдық орындарда, оның ішінде азаматтардың көп жиналатын жерлерінде қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының профилактикасы. Шара барысында полиция қызметкерлері ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғаларды тексеріп, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтауын және тасымалдауын анықтау бойынша жұмыстар …
→