09.12.2024. 8 желтоқсан күні сағат 20:30 шамасында Қаржаубайұлы мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүк тиегіш көліктің жүргізушісі мас күйінде рөлге отырып, бұрылу кезінде қауіпсіздікке көз жеткізбеген. Нәтижесінде, ол LADA Priora автокөлігімен соқтығысқан. Соққының күшінен LADA Priora бақылаудан шығып, Дулатұлы көшесінен шығып келе жатқан Lexus автокөлігімен қақтығысқан. Жүргізушінің жауапсыз әрекетінің салдары …
→Абай облысы
Семейде әскерилер қоян-қолтық ұрыстан сынға түсті
09.12.2024. Абай гарнизонында орналасқан 74884 әскери бөлімінде қоян-қолтық ұрыстан кіл мықтылар анықталды. Бөлім командирінің кубогы үшін өткен турнирге 60-тан астам офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатысты. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған жарыста әскери спортшылар жеті салмақ дәрежесінде бақ сынады. — Дүбірлі додада жеңімпаз атанғандарға алдағы уақытта өткізілетін ҚР Қарулы күштері чемпионатына жолдама беріледі. Аталмыш чемпионат келер жылдың қаңтар айына …
→Заманауи тәсіл: Абай облысында дрондар иесіз жайылған малды анықтауда
09.12.2024. Абай облысында жолдардағы қауіптің бірі саналатын иесіз жайылған мал мәселесі заманауи технологиялар арқылы шешілуде, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Өңір полицейлері дрондарды пайдалана отырып, жол бойында немесе автожолдарда бей-берекет жайылған малдарды анықтау жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде. Бұл “ұшқыш инспекторлар” жоғары дәлдіктегі камералармен жабдықталған, олардың көмегімен малдың тұрған орнын анықтап, деректер патрульдік қызметтерге дереу беріледі. Мысалы, Жаңасемей ауданында инспекция жүргізу барысында полиция …
→Водный, Восход кенттері жыл соңына дейін орталықтандырылған су желісіне қосылады
08.12.2024. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Водный» кентінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында кентке қатысты бірнеше мәселе қаралды. Соның ішінде коммуналдық шаруашылық, білім, денсаулық, ономастика салаларына қатысты сұрақтар қойылды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Қазіргі таңда кенттегі 1550 жеке сектордағы үйде 4 мыңнан аса халық тұрады. Бұған дейін кентте орталықтандырылған су желісі болмаған. Облыс әкімінің өткен жылы тұрғындармен кездесуінде осы мәселе көтеріліп, аймақ …
→Өңірде алғашқы ҚХА «Шаңырақ» Студенттік Ассамблеясы ашылды
08.12.2024. Абай облысындағы «Ес-Аймақ» рухани орталығында ҚХА «Шаңырақ» Студенттік Ассамблеясының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Аталған бастама жастар арасында бірлік, татулық және өзара құрмет құндылықтарын насихаттауға бағытталған. Шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, студенттер және жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты. Ашылу салтанатында Абай облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев жастардың қоғамдағы рөлі мен оларды қолдаудың маңыздылығына тоқталды. – Ассамблея – тек …
→Абай облысында үздік жастар марапатталды
08.12.2024. Абай облысында дәстүрлі «Бірге! Бір толқында» жастар форумы өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Форум жастар ұйымдарының көшбасшылары, еріктілер, белсенділер, аймақтағы студенттер клубтарының мүшелерін біріктірді. Шараға қатысқан аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев жастар болашақтың қозғаушы күші екенін атап өтті. Бүгін біз жаңа ұрпақтың ең жарқын, талантты және ынталы өкілдері жастарға құрмет көрсетіп, шабыттандыру үшін жиналып отырмыз. Жастар — ел болашағы. Сондықтан сіздер …
→Абай облысында келер жылы 12 спорт нысанын ашу жоспарлануда
06.12.2024. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығы отандастарымыздың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайтуда екенін бірнеше мәрте атап өткен болатын. Президент тапсырмасын орындау мақсатында «Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» әзірленіп, ол Үкімет қаулысымен бекітілген. Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық жиында облысымыздағы бұқаралық спортты дамыту үшін салынып жатқан спорттық инфрақұрылым жағдайы туралы …
→Абай гарнизоны жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді
05.12.2024. Абай гарнизонынының әскери бөлімдері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді. Осылайша «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері жаңа оқу кезеңіне кірісті. Айталық, жауынгерлік дайындық апталығы аясында өңіріміздегі арнайы мақсатта тағайындалған барлау полкы арнайы операцияны жүзеге асырды. Барлау полкының командирі подполковник Талап Бирбаланов басшылық жасаған операция алдын ала белгіленген жиын алаңында жүзеге асырылды. Жауынгерлердің кәсіби шеберліктерін арттыратын операцияға төрт топ қатыстырылды. Олар белгіленген …
→Абай облысында терроризмге қарсы комиссиясының отырысы өтті
04.12.2024. Абай облысының әкімдігінде аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Терроризмге қарсы комиссияның 4-тоқсанның қорытындысы бойынша отырысына облыстың барлық аумақтық мемлекеттік органдарының басшылары мен мүшелері, басқарма басшылары қатысты. Қала мен аудан әкімдері бейне-конференция арқылы қосылды. Комиссия отырысында жастарды терроризм мен экстремизмге тартудың жолын кесу, «2021-2025 жылдарға арналған ҚР Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын» және …
→Абай ауданында жол жөндеу жұмысы аяқталды
03.12.2024. Тоқтамыс ауылына апаратын жолдың 10 шақырымына орташа жөндеу жұмысы аяқталды. Жоба аясында асфальт төселіп, қазір жол жиектерін нығайту жұмыстары жалғасуда. Мердігер – «Семей жолдары» ЖШС, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Сондай-ақ Тоқтамыс ауылы бағытындағы 6-11 шақырым (5 шақырым) учаскесінде аудандық маңызы бар жолды орташа жөндеуге ведомстволық сараптама қорытындысын қабылдау аяқталды. Бүгінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік қаржыландыруға өтінім …
→