Абай облысы

Нұрбол Нұрсағатовтың ҚХР Тачен қаласына сапары туралы

15.11.2024. 11-12 қараша күндері Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов бастаған делегация мүшелері Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданы Тарбағатай аймағындағы Тачэн қаласына іс-сапарпен барды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Делегация құрамында Семей қаласы әкімдігінің қызметкерлерімен қатар, түрлі саладағы жеке кәсіпкерлер де бар. Кездесу барысында Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов пен Тачэн қаласының мэрінің орынбасары Юй Чэнъи халықтар арасындағы өзара түсіністік пен достық …

Әскери қызметшілер бірыңғай далалық киім нысанына көшті

13.11.2024.Қарулы күштерде қысқы далалық киімнің жаңа үлгілеріне көшкен жеке құрамның саптық байқаулары өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Естеріңізге сала кетейік, әскери қызметшілерге арналған бірыңғай далалық киім нысанына көшу қажеттілігі 2023 жылғы мамырда өткен бүкілармиялық кеңесте мәлімделген болатын. ҚР Президентінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы Жарлығы шыққаннан кейін қойылған тапсырмаларды іске асыру басталды. Қарулы күштер Тылы бастығының орынбасары полковник Әсет Оразалин түсіндіргендей, ерекше …

Мемлекеттік корпорация цифрлық трансформация жолында

13.11.2024. 2024 жылдың 9 айының нәтижесі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 11 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен, деп хабарлайды Abay.Semey.press. ХҚКО өз-өзіне қызмет көрсету бөлімінде 5 миллионнан астам қызмет алынған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетілімділігі мен сапасын арттыру стратегиясы аясында Мемлекеттік корпорация цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізу арқылы құжаттарды алу және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл процесін жеңілдетуде. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік …

Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары талқыланды

12.11.2024. Үкімет отырысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы баяндады, деп хабаралайды Abay.Semey.press. Жыл басынан бері тұрғын үй секторындағы өрттің жалпы саны 10%-ға төмендеуіне қарамастан жылыту кезеңінде өсім 75%-ға дейін жетті. Аймақ басшысы атап өткендей, өрт санының артуы азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауымен байланысты. Өрттің негізгі себептерінің қатарында отқа абайсыз қарау – 21 жағдай, пештерді …

Киберқауіпсіздік басты орында: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мен TSARKA арасында меморандумға қол қойылды

12.11.2024. Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы киберқауіпсіздік саласындағы жетекші компания — TSARKA-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын жариялады, деп хабаралайды Abay.Semey.press. Бұл келісім ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және Мемлекеттік корпорацияның ақпаратын қорғауға бағытталған.  Әріптестік аясында TSARKA  ақпараттық жүйелердегі осалдықтарды анықтау және жою мақсатында Tumar.One платформасынан зерттеу және тестілеу жүргізу үшін баг-хантерлерді белсенді түрде тартады. Баг-баунти платформасы – тәуелсіз киберқауіпсіздік зерттеушілері …

Биыл Әділет департаменті 788 мемлекеттік қызмет көрсеткен

12.11.2024. Әділет Департаменттің құрылымына жеті бөлім және үш ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдер кіреді, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Қазіргі уақытта департаменттің жалпы штат саны 42 бірлікті құрайды. Бұл туралы Абай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Жанболат Самашев баяндады. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің саны ағымдағы жылдың 10 айында айтарлықтай өсті. Биыл 10 айда 2412 өтініш қабылданды, ал …

Абай облысында су тасқыны маусымына дайындық тексерілді

12.11.2024. Абай облысында 2024 жылғы күзгі-қысқы кезеңге және 2025 жылдың көктеміндегі су тасқыны маусымына дайындықты тексеру шарасы өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Тексеріске облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Ертіс бассейндік инспекциясының, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен Абай, Жарма, Көкпекті және Ақсуат аудандарының жергілікті атқарушы органдары өкілдері қатысты. Алдын алу шараларын уақтылы жүзеге …

Семейде алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің жиыны өтті

12.11.2024. Семейде мектептер мен колледждердің алғашқы әскери дайындық пәнінің 50-ден астам оқытушыларымен оқу-әдістемелік жиыны өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Жиын «Шығыс» өңірлік қолбасшлығы әскерлерінің қолбасшысының орынбасары полковник Дархан Ажибаевтың басшылығымен өтті. Әскери бөлімдердің тәжірибелі нұсқаушылары алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерімен патриоттық тәрбие, мемлекеттік – құқықтық, саптық, дене және атыс дайындықтары бойынша сабақтар өткізді. Сонымен қатар болашақ отан қорғаушыларды әскерге дұрыс дайындау …

Көлікті сатқанда мемлекеттік тіркеу нөмірін сақтап қалуға бола ма?

12.11.2024. Көптеген қазақстандықтар өз көлігін сатқанда мемлекеттік тіркеу нөмірін (МТН) өзінде сақтап қалуды қалайды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Қазақстанда бұл рәсімді еш қиындықсыз орындауға болады. Қалай? Осы жайында Сіздерге айтып береміз. Көлікті сату кезінде ескі мемлекеттік тіркеу нөмірін арнайы ХҚКО-ға тапсыру қажет. Бұл міндетті талап болып табылады. Дегенмен, нөмірдегі әріптер мен сандар комбинациясын өзіңізге сақтап қалуға болады. Бұл үшін орталық қызметкеріне …

Айбек Самат Абай облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы болып тағайындалды

11.11.2024. Самат Айбек Төлегенұлы 1987 жылы 16 қарашада Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінде маманның көмекшісі болып бастаған. 2010 жылдан 2012 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы «Семей қаласы әкімінің аппараты» …