20.12.2024. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Бородулиха ауданы Жаңа Шүлбі ауылындағы Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында болды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Сапар барысында өңір басшысы мекеменің ағымдағы жағдайымен танысып, қызметкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Орталық тәрбиеленушілермен әңгімелесті. Мекемеде педагог-психолог кабинеттері, үйірме жұмысына арналғалған орындар, хореография, акт залы, медициналық пункт, жаттығу залы, сондай-ақ «Орман жиегі» деп аталатын жазғы сауықтыру алаңы жабдықталған. Тәрбиеленушілерді …
→Абай облысы
Абай облысында «Достық-2024» байқауының жеңімпаздары марапатталды
20. 12.2024. Абай облысында этномәдени бірлестіктер арасындағы «Достық-2024» байқауының қорытындысы шықты, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Бұл байқау этномәдени бірлестіктердің жұмысын жандандыруға, қоғамдық келісімді, бірлікті нығайтуға және өңірде тұратын барлық этностардың мәдени мұрасын сақтауға бағытталған. «Достық-2024» платформасы әрбір этностың мәдениетін дәріптеп, қоғамға қосқан үлесін бағалап, тәжірибе бөлісетін, шығармашылық жетістіктер мен жобалармен алмасу алаңына айналды. Ел бірлігі – елдігіміздің арқауы, тәуелсіздік тірегі!.. Адал …
→Өңірде шағын және орта бизнестің саны 54 380 -ге жеткен Абай облысында шағын және орта бизнестің дамуы, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау қарқынды жүзеге асырылуда
20.12.2024. Осы жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестің саны 54 380 құраса, оларда 103 952 адам жұмыс жасайды екен. Бұл туралы Абай облысының кәсіпкерлік және индустриалық – инновациялық даму басқармасының басшысы Рүстем Ворошилов мәлімдеді. — Биылғы жылдың қорытындысы бойынша айтатын болсақ облыстағы бөлшек тауар айналым көлемі 528 млрд теңгені құрап, өткен жылға қарағанда 12 %-ға өсті. Ал, көтерме сауда …
→Облыста ветеринария саласы бойынша 9 коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар жұмыс атқаруда
19.12.2024. Өңірде 1 сәуірден бастап ветеринариялық-санитариялық сараптама модулінің серпінді жобасы іске қосылған, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Бұл туралы Абай облысының ветеринария басқармасының басшысы Ержан Барышев мәлімдеді. — Бүгінгі таңда ветеринариялық-санитариялық сараптама модулі іске асырылуда. Модуль сою объектілерінде (ет өңдеу кәсіпорындары, сою пункттері мен сою алаңдары) және ішкі сауда объектілерінде жануардың өмірлік циклін көрсету үшін QR-кодты іске асыруды ескере отырып, ветеринариялық-санитариялық сараптама …
→Абыралылық қариялармен жүздесті
19.12.2024. Жаңасемей ауданының Қайнар ауылына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Абыралы өңірінің ақсақалдарымен кездесті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Емен-жарқын әңгімелесу барысында қариялар өңірдің бүгінгі жағдайы туралы ойларын ортаға салды. Соның ішінде жер мәселесі, жарықтандыру, емхана мен мектептің қазандығын күрделі жөндеуден өткізу мәселесі көтерілді. Әр ақсақалдың сөзіне мұқият мән берген аймақ басшысы айтылған мәселелерден хабардар екенін, олардың назардан тыс қалмайтынын …
→Облыс әкімі Қайнар ауылындағы әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады
19.12.2024. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жұмыс сапарымен Жаңасемей ауданының Қайнар ауылына барып, әлеуметтік маңызы бар нысандардың жағдайымен танысты, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Сапар барысында өзекті мәселелерге назар аударылып, жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған, бірінші кезекте қолға алынатын шаралар айқындалды. Облыс әкімі Қайнар ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды. Мұнда күрес, екі ойын залы және жалпы ауданы 720 шаршы метр жаттығу залы бар. …
→«Абай жолы кітапханасы» жобасының ІІ шығарылымының таныстырылымы өтті
19.12.2024. Абай облысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қолдауымен жарық көрген «Абай жолы кітапханасы» ІІ шығарылымының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Жобаның бірінші сериясы аясында жалпы тиражы 8 мың дана болатын 16 кітап шығарылды. Биыл жалпы тиражы 10 мың дана болатын 20 автордың шығармалары жарық көрді. Жоба Қазақстанның мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, Семей өңірінің көрнекті тұлғалары мен ақын-жазушыларының мұрасын насихаттауға, сондай-ақ …
→Абай облысында ауыл шаруашылығы саласына цифрлық технологиялар белсенді енгізілуде
19.12.2024. Ауыл шаруашылығы – Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі, ол азық-түлік және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ ауылдық жерлерде елдің еңбек әлеуетін дамытуға ықпал етеді, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Қазіргі заманда цифрлық технологиялар елдер экономикасының дамуында маңызды рөл атқарып келеді. IT-құралдарын енгізу ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Өңірдегі ауыл шаруашылығы …
→Құрылыс басқармасы тарапынан 49 жаңа нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде
19.12.2024. Абай облысында құрылыс саласында ауқымды жұмыстар атқарылып, мемлекеттік бағдарламалар аясында көптеген жобалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Құрылысқа бөлінген жалпы қаржы көлемі 291 млрд теңгені құрады. Жоспарланған барлық жобалар белгіленген мерзімде жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Абай облысы құрылыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риаханов баяндады. — Білім беру саласында «Жайлы мектеп» жобасы аясында …
→Семей қаласында тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ) полигонын салу жоспарлануда
18.12.2024. Абай облысын дамытудың кешенді жоспары аясында жаңа заманауи тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын салу қарастырылған. Жобаны іске асыру 2025–2026 жылдарға жоспарланған. Құрылысқа 100 гектар жер телімі бөлінді. Осы жылы «ТҚҚ полигонын салу» жобасы әзірленді. Бүгінде аталған жобаны жүзеге асыру үшін бюджеттік өтінім берілді. Семейдегі қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселесін шешу үшін қала әкімдігі жағдайды тез арада жақсартуға бағытталған іс-шаралар жоспарын …
→