Абай облысы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі

11.02.2025. Абай облысында 2025 жылғы 1 наурыздан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев ваучерлік қаржыландырудың маңыздылығын және оны енгізу тетіктерін таныстырды. Жаңа жүйенің басты мақсаты – мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру, ата-аналарға балабақшаны еркін таңдау мүмкіндігін ұсыну және мемлекеттік қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету. Кездесуге Семей қаласының 70-ке …

Семейде полицейлік автокөлік КамАЗ-пен соқтығысты: экипаж шұғыл шақыртуға бара жатқан

10.02.2025. Семейде жүк көлігі мен полиция қызметтік автокөлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды. Патрульдік полиция батальонының экипажы Би-Боранбай көшесінде патрульдеу барысында отбасылық жанжал жөніндегі шақыртуға бара жатқан кезде қызметтік көлік жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, КамАЗ жүргізушісі жанармай құю бекетінен шыға отырып, маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбеген, соның салдарынан жол апаты орын алған. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде …

Өңірлік өнім көлемі өсті

10.02.2025. Абай облысында 2024 жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнімнің көлемі 104,2 пайызды құрады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында айтылды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Отырыста экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мария Осадчая өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2025 жылға қойылған міндеттер туралы баяндады. Мария Осадчаяның сөзіне қарағанда, жалпы өңірлік өнімдегі жоғары үлес …

Жарма және Аягөз аудандарының нысандары тексерілді

08.02.2025. Жылу маусымына мониторинг жүргізу мақсатында облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Қайырхановпен бірлесіп Жарма және Аягөз аудандарына барып қайтты, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Жұмыс сапары барысында Шуақ кенті мен Аягөз қаласының жылумен жабдықтау жүйелерінің ағымдағы жұмысына тексеру жүргізілді. Жауапты тұлғаларға температуралық кестені тұрақты ұстап тұру және жылу көздерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша …

Мақаншыдан жәрмеңке келді

08.02.2025. Семейде кезекті мәрте ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Мақаншы ауданы шаруаларының қала тұрғындары үшін әзірлеген жәрмеңкеге халық көп жиналды. Облыс орталығында өткен жылдың қараша айынан бері ұйымдастырылып келе жатқан жәрмеңке азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған, деп хабарлайды Abay.Semey.press Бүгінгі жәрмеңкеге Мақаншы ауданына қарасты ауылдық округтердің шаруалары қатысты. Шаруалар қалалықтардың қыс мезгілінде үлкен сұранысқа ие өнімдерін әкелген. Біз Семей тұрғындарының сұранысын ескере …

МӘМС-тегі мәртебені қалай жылдам тексеруге болады

06.02.2025. Медициналық көмек алу туралы сұрақтар бойынша 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болатыны белгілі. Келіп түсетін өтініштердің бір бөлігі МӘМС жүйесіндегі мәртебені нақтылауға қатысты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағылар оператордың жауабын күтуге уақыт жоғалтпай, мәртебені онлайн-сервис арқылы жылдам тексеруге болатынын еске салып өтті. Қордың ЖСН енгізіп міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебеңді білуге болатын жеке сервистері бар. Олардың қатарына келесілер …

Семейде Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай салтанатты шара өтті

06.02.2025. Биыл ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойы. Осыған орай дала данышпанының туған жерінде мерекелік шаралар легі жалғасуда, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Облыс орталығында өткен шараға аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, студенттер, қала жұртшылығы қатысты. Мерекелік бағдарлама «Бибігүл» қазақ ұлт аспаптар оркестрінің орындауындағы ақынның «Торжорға» күйімен ашылды. Шарада сөз алған қала әкімі Талғат Мұратов облыс басшылығының …

Облысымызда пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылуда

06.02.2025. Абай облысында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жалғасуда. Биыл 170 мың гектар жерді қайтару жоспарланған, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Бүгінгі таңда облыс әкімдігінің ведомствоаралық кіші тобы 4959,2 гектарды (21 жер учаскесі) қайтарды. Оның 4694,8 гектары жайылымға, ал 264,4 гектары басқа да пайдаланылмайтын жерлерге тиесілі. Қайтарылған жерлердің негізгі көлемі Ақсуат ауданында (13 учаске — 3915 гектар), Бесқарағай …

МӘМС жүйесінде онкологиялық ауруларды диагностикалауда КТ және МРТ қолдану

06.02.2025. Онкологиялық ауруларды қазіргі заманғы диагностикалау көп жағдайда алдыңғы қатарлы визуализация әдістеріне негізделеді. Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында пациенттерге онкологиялық патологияларды ерте анықтау мақсатында компьютерлік томография (КТ) және магнит-резонанстық томография (МРТ) қызметтерін тегін алу мүмкіндігі беріледі. Онкологияда КТ және МРТ-ның артықшылықтары: Ерте диагностика:КТ және МРТ-ның жоғары ажырата білу қабілеті арқасында дәрігерлер ісік түзілімдерін ең ерте кезеңде анықтай …

Шақаман ауылының көшелері жарықтандырылуда

04.02.2025. Жаңасемей ауданының Шақаман ауылында елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында көше жарығын орнату жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Ауылдағы К. Ахметов көшесінің 1600 метр жеріне заманауи шамдар орнатылып, іске қосылды. Егер бұрын жарықтың жоқтығы ауыл тұрғындарына қолайсыздық тудырса, енді олар ол қиыншылықтан құтылды. Бұл әсіресе балалар мен қарт адамдар үшін қуанышты жайт …