21.02.2025. 2025 жылғы 25 қаңтардан бастап Абай облысы әкімі аппаратының жанындағы азаматтарды қабылдау орталығы Семей қаласы, Абай көшесі 97 мекенжайындағы жаңа әкімшілік ғимаратта жұмыс істейді, деп хабарлайды Abai.Media. Азаматтарды қабылдау орталығында кез келген мемлекеттік органға өтініш беру, түрлі ведомстволардың өкілдерінен кеңес алу, орталық мемлекеттік органдардың (құқық қорғау органдарынан басқа) жергілікті атқарушы және аумақтық департаменттерінің бірінші басшыларына жеке қабылдауға жазылуға болады. …
→Абай облысы
Жаңасемей ауданында 6 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді
21.02.2025. Бүгін Шақаман ауылында халықтың әлеуметтік осал топтары мен көп балалы отбасылары үшін жаңа пәтер кілті табыс етілді, деп хабарлайды Abai.Media. Салтанатты шараға аудан әкімі Алмас Тастенбеков қатысып, жаңа пәтер иелерін қоныс тойларымен құттықтап, алдағы уақытта тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасатынын айтты. Тұрғындарды баспанамен қамту қашан да маңызды мәселе.Ауыл тіршілігін дамыту мақсатында ауылға кеңінен көңіл бөліп жатырмыз деді аудан әкімі …
→Абай облысында алғаш рет «Vipusknik.kz-2025» республикалық білім көрмесі өтуде
21.02.2025. Бұл ауқымды шараға Астана, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Өскемен және Семей қалаларынан келген еліміздің 19 жетекші жоғары оқу орны мен Семейден 4 колледж қатысып отырдеп хабарлайды Abai.Media. Көрменің басты мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге жоғары білім беру мүмкіндіктері туралы кең ақпарат ұсыну, кәсіби бағдар беру және жетекші оқу орындарымен тікелей байланыс орнату. Абай облысы әкімдігі мен білім басқармасының қолдауымен …
→Аймақ басшысы Семейдегі жылу нысандарын тексерді
20.02.2025. Абай облысының әкімі Берік Уәли облыс орталығындағы ірі жылу қазандықтары мен №1 жылу электр орталығына барып, жұмысымен танысты, деп хабарлайды Abai.Media. Қаланың оң жағалауындағы «Ғаббасов» қазандығы 70 көпқабатты үй, 15 әлеуметтік, 155 коммерциялық нысан мен 23 бюджеттік мекемені жылумен қамтамасыз етеді. 2025 жылы «103-103а» және «Ғаббасов» қазандықтары арасындағы жылу желілерін жалғастырғыш салу, «Орталық» жылу қазандығында коллектор мен сорғыны ауыстыру …
→Ерікті қоныс аударушылар саны артуда
19.02.2025. Абай облысына 2024 жылы «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аудару» бағдарламасы аясында 530 адам көшіп келді, деп хабарлайды Abai.Media. Олардың 310-ы Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан және Алматы, Жетісу, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарынан қоныс аударған. Сондай-ақ ҚХР, Моңғолия, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей елдерінен 220 қандас тарихи атамекеніне оралды. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында 503 адамға көшу шығыстарын …
→Бесқарағай ауданында балық шаруашылығы және экотуризм дамуда
19.02.2025 Бесқарағай ауданында жоба құны 250 млн теңге тұратын балық шаруашылығы бар. Глуховка ауылдық округінде орналасқан «Маклаков Н.» жеке кәсіпкерлігі бұл кәсіппен айналысқалы біраз жыл болды, деп хабарлайды Abai.Media. Кәсіпкер өз қаражаты есебінен 6 жасанды тоған жасап, 4 түрлі балықтың түрін өсіруді жолға қойған. Аталған жоба балық шаруашылығы мен экотуризмді дамытуды көздейді. Сол арқылы аудан экономикасын нығайтуға және өңірдің туристік …
→Абай облысында мефедронның үлкен көлемі тәркіленді: семейлік әйелдің косметикалық сөмкесінен ерекше жинақ табылды
18.02.2025. Абай облысында Семей қаласының 30 жастағы тұрғынынан тәркіленген ерекше «жабдық» заңсыз психотроптық заттардың айналымына қатысты ірі қылмысты тоқтатуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Abai.Media. Жедел шаралар барысында полиция қызметкерлері жалға алынған пәтерлердің бірінде тінту жүргізді. Асүй бөлмесінде тұрмыстық қоқыстың арасынан ақ түсті ұнтақ зат қалдықтары бар пакет табылды. Қонақ бөлмесінде әйелдің еденде жатқан сөмкесінің ішінен есірткі саудасына арналған «жабдық» табылды. …
→Оқушылар сарайының құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде
18.02.2025. Семейде балалар мен жастардың жан-жақты дамуына үлес қосатын көпфункционалды орталық, яғни Оқушылар сарайының құрылыс жұмыстары жалғасуда. Салынып жатқан ғимараттың жалпы аумағы – 2,1 га, ал ауданы – 9 800 шаршы метр, деп хабарлайды Abai.Media. Оқушылар сарайы бір мезгілде 500 адамды қабылдай алады. Абай облысы құрылыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риахановтың сөзіне қарағанда, негізгі құрылыс жұмыстарының 80 пайыздан астамы аяқталған. Монолит …
→Су тасқынына қарсы шаралар қолға алынуда
18.02.2025. Үржар ауданы бойынша көктемгі су тасқынына қарсы шаралар қолға алынды. Күні бүгінге дейін елді-мекендерден 5424 мың текше метр қар шығарылды. Жұмыс әлі де жалғасуда. Су соруға арналған жиыны 20 дана мотопомпа дайын, деп хабарлайды Abai.Media. Бензин қоры 5,6 тонна, дизельдік отын қоры 3,6 тонна. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарына байланысты қосымша 14 тонна дизельдік отын сатып алу жұмыстары жүргізілуде. …
→«Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда
18.02.2025. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Ақсуат ауданында жүріп жатыр. Тазалық шаралары тек қоршаған ортаны қорғауға ғана емес, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға да ықпал етуде, деп хабарлайды Abay.media. Мәселен, 2024 жылы аудан бойынша жиі ұйымдастырылған «Таза бейсенбі» және «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары аясындағы қайырымдылық акциялары биылда жалғасын таппақ. Атап айтқанда, жыл басынан бері ерікті жастар …
→