Абай облысы

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында самбодан жарыс өтті

04.03.2025. Семейде әскери қызметшілер арасында  самбо күресінен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының чемпионаты өтті. Аталмыш жарысқа алғаш рет ұйымдастырылып, оған Абай, Өскемен, Павлодар, Аягөз, Үшарал гарнизондарының әскери бөлімдерінен 100-ден астам балуан қатысып, жеті салмақ дәрежесінде  бақ сынады. Салтанатты шараның ашылуына  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Дархан Ажибаев мен әскери бөлім командирлері қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Жарыстың мақсаты – әскери қызметшілер арасында …

Полиция алаяқтық әрекетті тоқтатты: 300 000 теңгеге сатылған жұмыс иллюзиясы

03.03.2025. Семейде күтпеген финалы бар қылмыстық оқиға орын алды: тұрақты жұмыс іздеген 23 жастағы қала тұрғыны 300 000 теңгесін алаяқтың қолына ұстатып, сан соғып қалды, деп хабарлайды Abai.Media. Оқиғаның басты кейіпкері – өзін «Молдир» деп таныстырған әйел. Ол 2024 жылдың қазан айында жәбірленушіні жоғары жалақысы бар жұмысқа орналастыратынына сендіріп, қызметі үшін қомақты қаражат алған. Алайда бұл «қойылымда» ешқандай бос жұмыс …

Облыс әкімі Аягөздегі әлеуметтік нысандарды аралады

03.03.2025. Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданына жұмыс сапары барысында Аягөз қаласындағы бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады, деп хабарлайды Abai.Media. Аймақ басшысы «Жайлы мектеп» бағдарламасымен салынып жатқан мектептің құрылысын көрді. Аягөз қаласындағы «Қуаныш» шағын ауданындағы 600 орындық білім ордасы биыл тамыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Алайда нысанға тапсырыс беруші «Samruk Kazyna Construction» АҚ өкілдері облыс әкіміне мердігердің …

Облыс әкімі Аягөз өзеніндегі су деңгейін қадағалады

03.03.2025. Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданына жұмыс сапарымен барып, бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысанда болды. Көктемгі су тасқынына дайындық барысын бақылап, жылу қазандығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Abai.Media. Былтыр көктемде Аягөз өзені ернеуінен асып, бірнеше ауланы су басқан болатын. Өткен жылы қауіптің алдын алу үшін өзен жағалауын бекіту жұмысы жүргізілді. Облыс әкімі аудандағы жұмыс сапарын өзендегі су деңгейін …

Курчатовта бірнеше жоба жүзеге асырылуда

28.02.2025. Курчатовта қаланы дамытуға бағытталған бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Маңызды жобалардың бірі — құрылысы 2024 жылы басталған дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Кешен тұрғындардың спортпен шұғылданып қана қоймай, бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Жобаның жалпы құны 1,7 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды Abai.Media. Қаладағы қараусыз қалған тұрғын үйлер жаңартылуда. Қазіргі уақытта Курчатовтағы екі көшеде үйлерді қайта жаңғырту белсенді жүргізілуде. Бұл үйлер …

Семей барлаушылар тапсырманы сәтті орындады

27.02.2025. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының барлау-шабуылдаушылары Абай гарнизонының полигонында оқу-жаттығуын өткізді. «Шығыс» түраралық полигонындағы жиында мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан сарбаздарға қажетті атыс құралдары таныстырылды. Мұндай жаттығуларда сарбаздар алған теориялық білімдерін іс жүзінде тәжірибеден өткізуге мүмкіндік алады. Жаттығу кезінде жауынгерлердің белсенділігімен қатар психологиялық төзімділігі де сыналды. Жауынгерлік жоспарға сай өткізілген ату жаттығуларының мақсаты – әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығының тәжірибелік …

Облыс әкімі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

27.02.2025. Абай облысының әкімі Берік Уәли облыстық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Abai.Media. Кездесу барысында өңірдегі өзекті мәселелер талқыланып, аймақтың дамуына қатысты жоба-жоспарлар, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды. Кездесуде сөз алған облыс әкімі қоғамдық кеңес мүшелерінің қоғамдағы рөлінің зор екенін атап өтті. Алдымызда бірқатар маңызды міндеттер тұр. Ең алдымен, тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуіміз қажет. Өңіріміздің өркендеуі үшін бірлік …

Облыс әкімі Семей қаласын дамыту бойынша кеңес өткізді

25.02.2025. Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласын дамыту бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Abai.Media. Қала әкімі, облыстың тиісті басқарма және шаһардың бөлім басшылары қатысқан жиында облыс орталығын абаттандыру, көгалдандыру, жолдарды жөндеу, саябақтарды, мәдени-тарихи ғимараттарды жаңғырту, салу жайы талқыланды. Енді әр апта сайын Семей қаласын дамыту, көркейту бойынша осындай кеңес өткізіп отырамыз. Шаһарды өркендету бойынша жоба-жоспарларды талқылаймыз. Қалада қордаланған мәселе …

Семейде әскери оркестр автобуста концерт ұйымдастырды

21.02.2025. Семейде Ұлттық ұланының 5511 әскери бөлімінің әскери оркестрі «Жеңіске 100 күн қалғанда» акциясы аясында қоғамдық көліктерде концерт ұйымдастырды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімнің қызметшілері қоғамдық көлікке кіре сала халықтың сүйікті соғыс әндерін, соның ішінде «Смуглянка» мен «Катюша» әндерін орындай бастады. Бұл бейқам отырған жолаушылар үшін күтпеген көңілді шара болды. Бірі әскери өнерпаздармен қосылып ән салса, енді бірі видеоға …

Семейде алғашқы әскери дайындық мұғалімдері бас қосты

21.02.2025. Абай облысының орталығы Семей қаласында орта мектептер мен колледждердің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдеріне арналған республикалық ғылыми-әдістемелік конференция болып өтті. Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында өткен шара «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы -ұйымдастырушыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында өткізілді. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған жиынның өтуіне Қорғаныс зерттеулер департаментінің «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамы мұрындық болды. …