Абай облысы

Елімізге танымал «Патруль» сериалының басты актері Ұлттық ұлан сапына қосылды

17.03.2025. Елімізге танымал отандық «Патруль» сериалында басты рөлді сомдаған актерлардың бірі Білімжан Тұрсынов Ұлттық ұлан сапына қосылды. Ол «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын атқаруда. Көптің көзайымына айналған телехикаяда полиция қызметкерінің рөлін сомдаған өнерпаз көрермен көңілінен шыға білді. Жетінші маусымын Семей қаласында түсірген атышулы сериалдың белді актеріне отандық режиссерлер киноға түсуге ұсыныс тастапты. Алайда, …

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті

12.03.2025. Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың жетекшілігімен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды Abay.Media. Жиында өңірде күннің жылынуына байланысты болуы мүмкін су тасқынының алдын алу шаралары талқыланды. Соңғы күндері облыстың кейбір аудандарында қар толассыз жауып, көлемі анағұрлым артқан. Әкім орынбасары барлық құзырлы орындарға бақылауды және дайындықты күшейтуді қатаң тапсырды. Сонымен …

Абай облысында арнайы білім беру ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізілуде

12.03.2025. Абай облысында арнайы білім беру ұйымдарының қызметіне кешенді мониторинг басталды. Оған облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев, білім басқармасының басшысы, сондай-ақ адам құқықтары мен бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер қатысты, деп хабарлайды Abai.Media. Мониторинг аясында оқу процесі, материалдық-техникалық база және жөндеу жұмыстарының жай-күйі қарастырылады. Әсіресе, шатырды жөндеу мен спорт залдарын салу қажеттілігіне баса мән берілді. Алдын ала мониторинг нәтижелері бойынша …

«Шығыс» әскери полигонында зымыран әскерінің оқу-жаттығулары өтті

11.03.2025. Абай гарнизонында орналасқан 36803 әскери бөлімінің жеке құрамы «Шығыс» түраралық полигонында жауынгерлік шеберліктерін шыңдады. Тактикалық оқу-жаттығуларына мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан сарбаздар да қатысты. Осылайша, әскерилер жауынгерлік даярлықтарын штатты қарулардан атуда және атысты басқаруды ұйымдастыруда өздерінің тәжірибелік дағдыларын жетілдірді. Тактикалық оқу-жаттығуына дайындалу алдын ала жүзеге асырылды. Жеке құрам қауіпсіздік шараларын, атуды орындау тәртібін зерделеді, оқ-дәрілерді салу бойынша нормативтерді орындады, …

Ақсуат ауданында ауыл шаруашылық техникалары жаңартылуда

11.03.2025. Биыл Ақсуат ауданындағы шаруа қожалықтарына лизинг арқылы жаңа техникалар сатып алынады. Бұған арнайы жоспар жасалып, бекітілген. Ауданға 60 трактор, 60 қосалқы агрегат алу жоспарланып отырдеп хабарлайды Abai.Media. «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның облыстық филиалы лизингке ауыл шаруашылығы техникаларын алуға құжат қабылдауды бастағанын хабарлады. Қазір Құмкөл, Кіндікті және Қызылкесік ауылының 5 шаруа қожалығы бір трактордан сатып алу үшін құжат тапсырған.2025 жылдың қаңтар — …

Семейде әскери оркестр ақ халаттыларды құттықтады

07.03.2025. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5511 әскери бөлімінің оркестрі халықаралық әйелдер күніне орай ақ халаттыларды құттықтады. Ұлттық ұланның Семей қаласындағы әскери бөлімінің өнерпаздары қалалық полиция департаментіне қарасты госпитальге барып, нәзікжанды медицина қызметкерлеріне өнер көрсетті. Шара барысында әскери әндер шырқалып, оркестрдің ұжымдық қойылымы абзал жандарды тәнті етті. — Менің ойымша, әскери оркестр нәзікжанды медицина қызметкерлеріне ерекше сезім сыйлады. Жанды дауыстағы әндер …

Семейде әскери оркестр нәзік жандыларды құттықтады

07.03.2025. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу алдында Абай гарнизонының әскери қызметшілері Семей қаласы бойынша Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери оркестрімен бірігіп, қаланың ірі сауда ойын-сауық орталықтарына барды. Әскери оркестрдің әскери қызметшілері адамзаттың әдемі жартысына арналған заманауи туындыларын ойнап, музыкалық аспаптардан шыққан әуендер мерекелік атмосфера мен көңіл-күйді жаудрата түсті. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің офицерлері сүйкімді ханымдарға қызғалдақ сыйлап, келе …

Курчатов қаласында Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйі жаңа ғимаратта ашылды

07.03.2025. Курчатов қаласында Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің жаңартылған ғимаратының салтанатты ашылуы өтті. Нысанды жаңғырту жұмысы өткен жылдың желтоқсан айында аяқталған болатын, деп хабарлайды Abai.Media. Бұрын Шығармашылық үйі көп қабатты тұрғын үйде орналасып, тек 305 баланы қабылдай алатын. Жүргізілген жаңғыртудың нәтижесінде мекеме енді 500 тәрбиеленушіні қамтып, олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетінің артуына мүмкіндік береді. Жаңа ғимаратта робототехника, «Лего-кабинет», дизайн студиясы, …

Семейде әскери қызметші жол бойында жүрген 5 жасар баланы құтқарып қалды

05.03.2025. Семейде Абай гарнизонына қарасты Әуе шабуылына қарсы 31767 «Б» әскери бөлімінің әскери қызметшісі майор Саят Оразбаев жол бойында қараусыз жүрген 5 жасар қыз баланы құтқарып қалды. Әскери қызметші түс уақытында Әуезов алаңына қарама-қарсы жер асты өткелінен шығып келе жатып даңғыл жол бойында жалғыз жүрген баланы көреді. Ол бірден кішкентай қызды көлік көп жүретін қауіпті аумақтан алып шығып, сол маңдағы …

Абай облысындағы колледждер мен орта арнаулы оқу орындарының түлектеріне МӘМС жүйесі түсіндірілді

05.03.2025. Абай облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын (АТЖ) жалғастыруда. Бұл мақсатты топ Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мәселесінде ерекше осал болып табылады. Себебі көптеген түлектер өмірдің келесі кезеңіне – жоғары оқу орнына түсу, жұмысқа орналасу немесе жаңа мүмкіндіктерді іздеу кезінде …