Қазақстан

Ұлттық ұланда қысқы оқу кезеңі басталды

05.01.2025. Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерінде 2025 жылғы қысқы оқу кезеңі басталды. Жаңа маусымға аяқ баспас бұрын ұландықтар өткен жылға қысқаша шолу жасап, сондай-ақ биылға арналған жүйелі жоспарларын ортаға салды. Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөлімінде өткен іс-шараға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары полковник Еркебұлан Хамидуллин қатысты. Еркебұлан Қазбекұлы жиын барысында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери …

Мирный және Дальняя кентіндегі арықтарды тексерді

28.12.2024. Бүгін Семей қаласының әкімі Талғат Мұратовтың төрағалығымен және қалалық ТЖБ өкілдерінің қатысуымен Мирный және Дальняя елді мекендеріндегі арық-науа жүйесінің жағдайын тексеру мақсатында көшпелі жұмыс кеңесі өткізілді, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Көшпелі кеңес барысында арық жүйелерінің ең проблемалы учаскелері зерттеліп, қалалық ТКШ бөлімі мен қызмет көрсетуші мердігер ұйымға осы жүйелердің сапасын жақсарту және жұмыс істеу тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді. …

Ұлттық ұландықтар ардагерлерге құрмет көрсетті

26.12.2024. Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы жаңа жыл қарсаңында өз ардагерлерін мерекемен құттықтап, арнайы құрмет көрсетті. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Атабек Салықбаев және «Шығыс»өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының кеңесшісі, ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Айдар Оразбаев Отан соғысының және Ұлттық ұлан ардагері, отставкадағы подполковник 90 жастағы Гагарин Иван Фёдоровичті, отставкадағы подполковник Чикинов Любик Васильевич, сонымен …

Өскеменде жауынгерлер есімі ұлықталды

26.12.2024. Өңірдегі «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының өркен жаюына Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қарқынды үлес қосуда. Оның бір айғағы күні кеше Өскемен қаласындағы жалпы білім беретін №24 орта мектебінде өткен оқушылардың ант қабылдау рәсімі. Білім алушылар үшін маңызы бөлек іс-шараға «Шығыс» өңірлік қолбасшылық қолбасшысының кеңесшісі, ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Айдар Оразбаев қатысты. — Шара мақсаты әскерге дейінгі жастардың бойына …

ЖМБМК: 1,5 жылда 100 миллион өтінім

26.12.2024. «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі іске қосылғаннан бері ақпарат алу үшін 100 миллионға жуық сұраныс өңделді. Платформа күннен-күнге қазақстандықтар үшін қолайлы әрі танымал болып келеді. Жеке тұлғаларда жылжымайтын мүліктің болмауы туралы анықтама сұраныс мөлшері бойынша көш басында – одан 44 миллион берілді. Еске сала кетейік, 2023 жылдың 1 шілдесінде енгізілген ЖМБМК жүйесі жер және құқықтық кадастрлық деректерді …

2025 жылы МӘМС-ке қанша төлейміз?

24.12.2024. Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарналарды есептеу негізі ретінде ең төменгі жалақыны алатынын еске салды. 2025 жылы оның мөлшері сол күйінде қалады – 85 000 теңге. Демек, жарналар мөлшері де өзгермейді. Жұмыс берушілер мен жұмысшылар үшін ставкалар да өзгеріссіз қалады – сәйкесінше …

Өскеменде қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнир өтті

19.12.2024. Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің құрылғанына 25 жыл толуына орай Өскеменде қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнир өтті. Жарысқа елдегі күштік құрылымдардың он жеті құрама командасы яғни, бас аяғы жүзден астам спортшы қатысты. Олардың қатарында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері мен спорт шеберлері де бар. Қатысушылар кім мықтыны анықтап ғана қоймай, боз кілемде бақтарын сынап, әскери біліктіліктерін жетілдіріп, өзара тәжірибе алмасты. …

Техника ғылымдарының магистрі Ұлттық ұлан қатарында қызмет етуде

11.12.2024. Мерзімді әскери қызметші Санжар Төлеухан Ұлттық ұлан сапына Шығыс Қазақстан облысынан шақыртылған. Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Өскемен қаласындағы Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінен білім алған. Инженер-құрылысшы мамандығын меңгерген студент білімін әрімен қарай жетілдіріп, ғылым жолын таңдауға шешім қабылдаған. Осылайша, ол 3D модельдеу бағытында техника ғылымдарының магистрі атанған. — Мен магистр дәрежесімен шектелмеймін. Келешекте доцент, …

«Birgemiz: Ayala» жалпыұлттық жобасы қорытындылануда

10.12.2024. Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Birgemiz: Ayala» жалпыұлттық жобасы табысты нәтиже беріп келеді. Жобаны 2022 жылдан бастап «Green Help» ҚБ жүзеге асырды. Жоба аясында түрлі бағыттағы іс-шаралар, акциялар, байқаулар мен оқыту бағдарламалары өткізілді. Сонымен қатар әр жылдары 30 волонтер мен волонтерлік ұйымдарға шағын гранттар табысталып, жобалары сәтті жүзеге асырылды. Іс-шараларды іске асыру барысында Қазақстанның барлық қаласында баспаналарға жорықтар ұйымдастыру …

Өскеменде кішкентай Отан қорғаушылар ант қабылдады

06.12.2024. Өскеменде жауынгерлері ерлігі ұлықталды. Өңірдегі «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының өркен жаюына Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қарқынды үлес қосуда. Оның бір айғағы күні кеше Өскемен қаласындағы жалпы білім беретін Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №4 орта мектебінде өткен оқушылардың ант қабылдау рәсімі. Білім алушылар үшін маңызы бөлек іс-шараға Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Атабек Салықбаев …