25.11.2025. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі ағымдағы жағдай мен жоспарлы профилактикалық жұмыстар жөнінде жедел ақпарат беретін жаңа сервисті іске қосты. Енді азаматтарға жекелеген қызметтердің уақытша қолжетімсіз болу себептерін білу үшін ХҚКО қызметкерлеріне жүгінудің қажеті жоқ. Қажетті мәліметтің барлығы «ЦОН» мобильді қосымшасында, мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында және халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы электронды таблоларда көрсетіледі. Сервис ақпараттық жүйелер …
→Қазақстан
ХҚКО-ның 20 жылдығына арналған халықаралық конференция: мемлекеттік қызметтердің сапасы – эволюция және жаңа мүмкіндіктер
24.11.2025. 20 қарашада Тараз қаласында «Мемлекеттік қызметтердің сапасы: 20 жылдық эволюция және жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының М.Х. Дулати атындағы Тараз университетімен және Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабымен бірлесіп ұйымдастырған алғашқы ғылыми-тәжірибелік форматтағы шара. Конференция Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдық мерейтойына орай өткізілді. Жиынға орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың өкілдері, …
→Өскеменде сарбаздар адасқан баланы тауып, ата-анасына жеткізді
21.11.2025. Өскеменде №5518 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері жылдам әрекетінің арқасында адасып қалған баланы аман-есен тапты. Оқиға кешкі сағат 20:25 шамасында орын алды. Әскери жасаққа шамамен 5–6 жастағы баланың ата-анасынан адасып қалғаны туралы хабар түскен. Қолында нақты мекенжайы да, ата-анасының кім екені туралы мәлімет те болмаған. Қысқы киім киген бала қатты тоңбаса да, қорқып қалғаны байқалған. Әскери қызметкерлер дереу іздеу шараларын …
→Ұлттық ұлан сақшысы режим бұзушылықтың алдын алып, үйіне 10 күндік демалысқа жіберілді
19.11.2025. Өскемен қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесінің бір мекемесінде белгісіз адамдар тыйым салынған заттарды сыртқы қоршаудан лақтырып өткізуге әрекеттенген. Олар тоғыз оралымды сыртқа тастаған: жетеуі — тұрғын аймаққа түссе, біреуі — техникалық жолаққа құлаған, тағы бірі негізгі қоршау элементтеріне ілініп қалған. Қоршауға ілініп қалған тыйым салынған затты алмақ болған төрт сотталушы айла жасап, ішкі тыйым салынған аймаққа өтіп кетуге тырысқан. Осы сәтте …
→Емханаға жүгінгенде нені ескерген жөн?
13.11.2025. «Мен емханаға бармаймын және МӘМС-ті пайдаланбаймын», «Учаскемді де, дәрігерімді де білмеймін, олар мені іздемейді де». Өкінішке орай кейбір азаматтардан осындай пікірлерді естіп жатамыз. Енді біреулер тегін медициналық көмекті алу қиын, оған көп уақыт пен күш кетеді деп есептейді. Осыған орай, емханаға не үшін бару керек және МӘМС жүйесінің мүмкіндіктерін қалай пайдалануға болатынын зерттеп көрдік. Емханада тіркелген азаматтарға алғашқы медициналық-санитарлық …
→Мемлекеттік корпорациядағы цифрлық шешімдер: қағаз құжаттардан – заманауи қызмет көрсету жүйесіне дейін
11.11.2025. Мемлекеттік корпорация азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында цифрлық шешімдерді жүйелі түрде енгізіп келеді. Бүгінде бұл құралдар күнделікті жұмыс тәжірибесіне еніп, қызмет көрсетудің заманауи жүйесінің тұрақты бөлігіне айналды. Цифрлық сервистерді дамыту аясында Мемлекеттік корпорация жасанды интеллект технологияларын да енгізуде. 2025 жылдың мамыр айынан бастап 1414 Бірыңғай байланыс орталығында генеративті жасанды интеллект негізіндегі дауыс …
→Азаматтар енді өз өтінімдерінің орындалу барысын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бақылай алады
06.11.2025. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру үдерісі аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасына жаңа мүмкіндік қосты. Енді азаматтар мемлекеттік қызметке берген өтінімдерінің мәртебесін нақты уақыт режимінде көре алады. Өтінім мәртебесін көру үшін қолданушы қосымшадағы «ХҚКО қызметтері» немесе «Арнайы ХҚКО қызметтері» бөлімін таңдап, өтінім нөмірін енгізуі керек. Бұл жаңашылдық қызмет көрсету процесін барынша ашық етіп, азаматтарға өтінімнің қай сатыда тұрғанын …
→Өскемендегі Ұлттық ұланда ардагерлер ардақталды
05.11.2025. Өскемен қаласындағы Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінде Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің күні аталып өтті. Атаулы күннің мақсаты – құқықтық тәртіптің қалыптасуында елеулі рөл атқарған, қызмет жолында мол тәжірибе жинап, оны жас буынға үлгі еткен ардагерлерге деген құрмет пен ізетті қоғамда нығайту. Салтанатты шарада алғашқы болып «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев сөз сөйледі. Ол жас …
→Өскеменде Ұлттық ұлан сарбазы таңғы бағдарлама жүргізеді
29.10.2025. Өскемен қаласындағы Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген Әділ Құттыбаев шығармашылық қабілетін әскери өмірмен ұштастырып келеді. Құқықтық тәртіп әскеріне шақырылмас бұрын Әділ өңірлік «Жетісу» телеарнасында журналист болып қызмет атқарып, бірнеше бағдарламаны тізгіндеген. — Ұлттық ұлан сапында жүргенімде жауынгерлік рухым артып, физикалық қабілетімді жетілдірдім. Әскери бөлімнің мерзімді әскери қызметшілері қала тыныштығын күзетуде ерлік пен батылдықтың үлгісін …
→Курчатовта аса маңызды нысандарды күзететін әскери бөлім құрылғанын күнін атап өтті
24.10.2025. Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімінің іргетасы 1977 жылдың 26 тамыздан бастап, 1978 жылдың 28 қазан аралығында қаланған. Құрылғанына жарты ғасырға жуық уақыт болған әскери бөлім 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының барлық нысандарын күзетке алады. Сонымен қатар әскери бөлімнің жеке құрамы 2000 жылдың 29 шілде айында «Дегелең» аймағындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ядролық Орталығы мамандарымен жүргізілген жарылыс жұмыстарының …
→