06.03.2026. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесін жариялайды. Жексенбі және дүйсенбі күндері, яғни 8 және 9 наурыз, барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, кезекші бөлімшелерді қоса алғанда, жұмыс істемейді. Наурыз мерекесі күндері 21, 22, 23, 24 наурыз ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні болмайды. 25 наурыз, сәрсенбі күні, …
→Қазақстан
Қазақстандағы АХАТ қызметіне 105 жыл: өмірлік оқиғаларды тіркеу қалай цифрландырылды
06.03.2026 жылы Қазақстандағы азаматтық хал актілерін тіркеу қызметіне 105 жыл толады. Бір ғасырдан астам уақыт ішінде өмірлік маңызды оқиғаларды тіркеу жүйесі қағаз кітаптардан цифрлық сервистерге дейін дамыды. Қазақстандағы АХАТ жүйесі елде және ТМД кеңістігінде алғашқылардың бірі болып қызметтерін электрондық форматқа көшіруді бастады. Ғасырдан астам уақытта жинақталған миллиондаған акт жазбасы цифрлық жүйеге енгізіліп, өмірлік маңызды мәліметтер электрондық сервистер арқылы қолжетімді болды. …
→Цифрлық қызмет көрсету: 2025 жылы бейнеқоңырау арқылы 72 мыңнан астам өтініш қабылданды
04.03.2026. Бүгінде «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы көрсетілетін бейнеқоңырау форматында 79 мемлекеттік қызмет қолжетімді. 2025 жылы бұл сервис арқылы 72 мыңнан астам өтініш қабылданғанын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы хабарлады. Бейнебайланыс нақты уақыт режимінде жұмыс істейді: оператор бейнеқоңырау арқылы кеңес береді, құжаттарды толтыруға көмектеседі және өтінішті онлайн қабылдайды. Бір бейнеқоңыраудың орташа ұзақтығы 5–15 минутты құрайды, бұл көптеген мәселені жедел шешуге мүмкіндік …
→Енді жерді жалға алу, сату және мақсатын өзгерту онлайн рәсімделеді
27.02.2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда жер қатынастары саласындағы үш қызмет цифрлық форматқа көшті. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, енді жердің нысаналы мақсатын өзгерту, жалдау мерзімін ұзарту және жер учаскесін сатып алу қызметтерін онлайн алуға болады. Цифрлық форматқа көшкен қызметтердің бірі – жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту. Мәселен, ауыл шаруашылығы мақсатында берілген жер учаскесін құрылысқа пайдалану үшін оның нысаналы мақсатын …
→Мемлекеттік қызметті жеке менеджер арқылы алу: сервис қалай жұмыс істейді
27.02.2026. 2025 жылы 60 мыңнан астам қазақстандық мемлекеттік қызметтерді жеке менеджер арқылы алуды таңдаған. «Жеке менеджер» қызметі халыққа қызмет көрсету орталықтарында, көшпелі қызмет көрсету форматында да қолжетімді, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы. «Жеке менеджер» қызметі барлық ХҚКО-ларда, оның ішінде мамандандырылған орталықтарда көрсетіледі және басымдықпен қызмет алуға мүмкіндік береді. Қызметті пайдалану үшін тіркеу орнына жүгініп, келісімшарт жасау қажет. Осыдан …
→«ЦОН» мобильді қосымшасы: қазақстандықтар қосымша арқылы қанша қызмет түрін алады
26.02.2026. Қазақстанда мемлекеттік қызметтер кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіп жатыр. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтер тізілімінде 1448 қызмет бар, оның 1278-і онлайн форматта қолжетімді. Осындай цифрлық арналардың бірі – «ЦОН» мобильді қосымшасы. Онда 18 қызмет іске қосылған, оның ішінде бейнеқоңырау форматында 79 қызмет түрі бар, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы. Мемлекеттің корпорацияның мәліметінше, 2025 жылы «ЦОН» мобильді қосымшасын 2 миллионнан …
→ҚР Ұлттық ұланының әскери дәрігерлері Өскеменде бас қосты
18.02.2026. Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы өңірлік қолбасшылықтарының медициналық басқарма бастықтары, Ұлттық ұлан академиясы және әскери бөлімдердің медицина қызметтері бастықтарының оқу-әдістемелік жиыны басталды. Практикалық дайындық 2026 жылғы 17–19 ақпан аралығында 3477 әскери бөлімінің базасында өтуде. Үш күн бойы қатысушылар жеке құрамды медициналық қамтамасыз етудің негізгі бағыттары бойынша біліктіліктерін жетілдіруде. Жиынның басты мақсаты — медициналық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, дәрігерлік-сараптамалық …
→Дайын құжаттарды ХҚКО-дан тәулік бойы алуға болады: постаматтар қалай жұмыс істейді?
18.02.2026. ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл мүмкіндікті тәулік бойы және демалыссыз жұмыс істейтін құжат беруге арналған автоматтандырылған постаматтар қамтамасыз етеді. Постамат қызмет алушыға дайын құжатты жеке ұяшық арқылы өз бетінше алып кетуге мүмкіндік береді. Құжат дайын болған кезде азаматтың телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберіліп, онда ұяшықты …
→5118 әскери бөлімінде Ауған соғысына арналған театрландырылған қойылым өтті
15.02.2026. 15 ақпан — Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні. Бұл күн жауынгерлік борышқа адалдық пен бейбітшіліктің бағасын еске салатын маңызды дата ретінде тарихта сақталған. Осыған орай 5118 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің қатысуымен театрландырылған қойылым ұйымдастырылды. Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері, бөлім басшылығы, әскери қызметшілер мен жас сарбаздар қатысты. Қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Кездесудің басты сәті — әскери …
→«ЦОН» мобильді қосымшасында автокөлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге болады
06.02.2026. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа цифрлық қызмет іске қосылғанын хабарлады. Енді қазақстандықтар автокөлікке арналған мемлекеттік нөмірді онлайн таңдап, тапсырыс бере алады. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне өзгерістер енгізіліп, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің түрлері кеңейді. Азаматтардың «әдемі» нөмірлерге деген қызығушылығының артуына және көлік тіркеу барысында нөмірлік белгіні таңдауға деген қажеттіліктердің туындауына байланысты …
→