01.11.2024. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің сарбаздары Өскемен қаласынан Шемонайха қаласына дейін барып, қайта кері қайтты, деп хабарлайды Abay.Semey.press.
Әскери бөлімнің 2-2023 және 1-2024 жылғы шақырылымның мерзімді әскери қызметшілері қатысқан 300 шақырымдық тактикалық-арнайы сабағы өткізілді. Оқу-жаттығу барысында жас жауынгерлер өздерінің алған білімдерін іс жүзінде қолданып, қиян-кескі оқыс оқиғада техниканы басқарып, әртүрлі кедергілерді еңсеріп, шектеулі және ойық өтпелерден мүлтіксіз өтті.
дейді 5518 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Олжахан Санжар.
– Ұлттық ұлан қатарына шақыртылғанда жауынгерлік техниканы басқарудан хабарсыз едім. Ұзақ қашықтықты қамтыған бүгінгі шеруден мол тәжірибе алдым. Жол қауіпсіздігін сақтай отырып, әскери техниканы діттеген жеріне жеткізу үлкен жауапкершілікті талап етеді, –
Ұлттық ұланның жас жүргізушілері тәжірибеде теориялық білімдерін шыңдап, әскери техниканы басқару қабілетін көрсетті, сондай-ақ жауынгерлік машинамен түрлі кедергілерді еңсерудің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асырды. Алдағы уақытта 300 шақырымды еңсерген жас жауынгерлер әскери көліктерді басқаруға рұқсат алатын болады.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі