Нұрлан Ұранхаев «Вайнах» Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығының» төрағасымен кездесті

01.11.2024. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Вайнах «Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің тең төрағасы Юсуп Келиговпен кездесті деп хабарлайды Abay.Semey.press. Кездесуде өңірдегі ұлтаралық татулық, этномәдени бірлестіктердің жұмысы туралы сөз болды. Сонымен қатар, Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы айтылды.

Бүгінгі таңда Абай облысында 50-ден астам этнос тұрады. Өңірде 49 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Этномәдени бірлестік басшылары мен мүшелері консультативтік-кеңесші органдардың құрамына кіреді. Аймақтағы этносаралық қатынастар саласындағы сарапшылар ретінде әрекет етеді.

Қазіргі уақытта этномәдени бірлестіктердің көпшілігі облыстық Достық үйінің ғимаратында орналасқан. Этномәдени бірлестіктерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық институттары (Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, «Жомарт жан» және этномедиация орталықтары, ғылымыи-сараптамалық тобы, Ассамблея жастары) мен облыстық Достық үйін алдағы уақытта облыстың кешенді даму жоспарына сәйкес салынатын облыстық «Конгресс-холл» ғимаратына орналастыру жоспарланған.

Abay.Semey.press

Check Also

Дорожное движение на автодороге Калбатау-Майкапчагай будет открыто до конца года

18.04.2025. Сегодня в области Абай официально открыт сезон дорожного строительства. В мероприятии открытия, которая проходила …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *