IQanat олимпиадасына Абай облысынан 2000-ға жуық мектеп оқушылары қатысуда

01.11.2024. Үржар ауданы IQanat олимпиадасының бірінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Олимпиада ауыл оқушыларының логикалық, математикалық ойлау, оқу сауаттылығы және қазақ тілін меңгеру қабілеттерін бағалауға бағытталған. Дәстүрлі тестілеуден ерекшелігі – академиялық жетістіктер мен бағалауларына қарамастан әр оқушыға қатысу мүмкіндігі беріледі.

Биыл жетінші рет өткізіліп жатқан IQanat олимпиадасы Абай облысының барлық ауданын қамтып, 1943 қатысушыға білім додасында бақ сынауға мүмкіндік берді.

Олимпиадаға қатысуға республика көлемінде 170 ауданнан 56 мыңнан астам ауыл оқушылары тіркелді. Бірінші тур нәтижесінде облыстық кезеңге өткен қатысушылар анықталып, олардың жеңімпаздары 2025 жылдың жазында өтетін финалда бақ сынасады. Финалға өткен оқушыларды ағылшын тілі, IT жобалар, кәсіптік бағдар беру, ҰБТ және IELTS дайындықтарын қамтитын қарқынды білім беру бағдарламасы күтеді.

IQanat жобасы аясында дайындықтан өткен оқушылар Қазақстан мен шетелдегі үздік жоғары оқу орындарына грантқа түсіп, әлемнің 17 елінде білім алуда. Бұл – Қазақстанның барлық өңіріндегі ауыл оқушыларын қолдауға бағытталған 150-ден астам қазақстандық кәсіпкердің әлеуметтік-білім беру жобасы.

Abay.Semey.press

Check Also

Дорожное движение на автодороге Калбатау-Майкапчагай будет открыто до конца года

18.04.2025. Сегодня в области Абай официально открыт сезон дорожного строительства. В мероприятии открытия, которая проходила …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *