Семейде сарбаздарға қол сағаттары табысталды

28.10.2024. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың қол сағат сыйлықтары иелеріне табысталды, деп хабарлайды Abay.Semey.press.

Семей қаласының мәдениет үйінде «Республика күнін» атап өту шарасында мерзімді қызметтерін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 21450 әскери бөлімінде атқарған сарбаздарға қол сағаттары табысталды.

Көктем уақытында, Атырау қаласында су тасқынына қарсы шараларға белсене қатысқан Семей тумалары запастағы қатардағы жауынгерлер Айбол Серікқалиев, Ерсұлтан Ксебаев және Игорь Орлов сынды жігіттерімізге қала тұрғындары алдында сыйлықтары табысталды. Аталмыш сыйлықтарды Абай облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары подполковник Қанат Шәріпханов табыстады.

Құрметке бөленгендердің бірі Айбол Серікқалиев, былай деді:

          -Біздер үшін өте жақсы тосын сый болды, себебі өз әскери міндеттерімізді көктемде аяқтап, азаматтық өмірге оралған болатынбыз. Ел басына күн туғанда Атырауға барып, топан су салдарымен күрескен еңбегіміз еленіп жатқаны біздерге ары қарай халқымызға адал қызмет етуге серпін береді.

Атап өтейік, су алған аймақтарда белсене ат салысқан 2000 астам сарбаздар Қорғаныс министрін сыйлығымен марапатталған.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі    

Check Also

Дорожное движение на автодороге Калбатау-Майкапчагай будет открыто до конца года

18.04.2025. Сегодня в области Абай официально открыт сезон дорожного строительства. В мероприятии открытия, которая проходила …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *