25.10.2024.Бүгін еліміздің маңызды мерекелерінің бірі – Республика күні. Осыған орай Семей қаласының көпір асты кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.press

Бұл күннің барша қазақстандықтар үшін алатын орны ерекше, өйткені ол ұлттың тәуелсіздігін, егемендігі мен тұтастығын білдіреді. Бұл күн отандастарымызға егемендік жолындағы қиындықтар мен кедергілер, Тәуелсіздіктен күні бүгінге дейінгі жетістіктерімізді еске салады.

Салтанатты шараға 300-ден аса адам қатысты. Олардың қатарында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, облыстық басқарма басшылары, саяси партиялар өкілдері, депутаттар, күштік құрылым қызметкерлері, қоғам белсенділері, жастар және тұрғындар бар.

Көк байрағымыз мемлекеттік Әнұранымыз шырқалуымен көтерілді.

Айта кету керек, Республика күніне орай Абай облысында 100-ден астам іс-шара өтіп жатыр.

Abay.Semey.press

Check Also

Госкорпорация расширяет сервис доставки готовых документов из ЦОН

24.07.2026. Abai.Media. Государственная корпорация «Правительство для граждан» расширяет перечень государственных услуг, по которым будет доступна …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *