Облыс әкімі Абай Нұрлан Уранхаевтың Республика күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын.

25 қазан – Тәуелсіз Қазақстан тарихында мәңгіге алтын әріптермен жазылатын тарихи күн! Бұл күні еліміздің егемендігі туралы декларация қабылданды. Тарихи құжат мемлекетіміздің тәуелсіздік алуына жол ашты.

Республика күні — елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдейтін, ырыс-ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке.

Егемендігімізді қорғау және сақтау – ортақ міндетіміз. Тәуелсіздік үшін қаншама боздақ құрбан болып, ер жүрек батырларымыз бен ұлыларымыздың ерен еңбектері қалды.

Ендігі міндет – ғылым мен білімді ұштастыра отырып, Отанымызды озық елдердің қатарына қосу. Көштен қалмаудың қамы – өскелең ұрпағымыздың келешегін бүгіннен ойлау. Осы жолда аянбай еңбек етуіміз керек. Баршаларыңызға бақ-береке тілеймін!

Құрметпен Нұрлан Ұранхаев, Абай облысының әкімі

Check Also

В области Абай обсудили ход осенней уборочной кампании

07.09.2026. Abai.Media. Сегодня под председательством акима области Берика Уали состоялось расширенное аппаратное совещание. На заседании …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *