Қасқабұлақ ауылында пәтер кілттері табыс етілді

24.10. 2024. Абай ауданы Қасқабұлақ ауылында мемлекеттік тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтарға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.Press.

«Нұрлы жер» республикалық бағдарламасы аясында 2020-2023 жылдар аралығында ауданда халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдеріне 138 пәтер берілді. Сонымен қатар, 2020 жылы бюджет қаражаты есебінен Қарауыл ауылындағы көпқабатты үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 16 пәтер тұрғын үй кезегіне сәйкес берілді. Барлығы 154 кілт табысталды.

Биыл Абай облысы әкімінің қолдауымен 9 ауылда әлеуметтік осал санатындағы отбасыларға арналған 70 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда.

Салтанатты шарада аудан әкімі Мейіржан Смағұлов тұрғындарды құттықтап, пәтер кілттерін табыс етті. Шара мерекелік концертпен жалғасты.

Abay.Semey.Press

Check Also

Дорожное движение на автодороге Калбатау-Майкапчагай будет открыто до конца года

18.04.2025. Сегодня в области Абай официально открыт сезон дорожного строительства. В мероприятии открытия, которая проходила …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *