Абай облысы әкімінің грантына өтініштерді қабылдау басталды

2024-2025 оқу жылына арналған облыстық бюджет қаражаты есебінен конкурстық негізде білім беру грантына өтініштерді қабылдау басталды (Абай облысы әкімінің гранты).

Конкурсқа қатысу үшін өтініштер осы жылдың   5-10 тамыз аралығында https://abay-abiturient.kz/ ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

2024 жылдың тамыз айында конкурстық комиссияның отырысы өткізіліп, онда грант иегерлері айқындалады. Грант иегерлерінің тізімі 20 тамыздан кейін білім басқармасының сайтында жарияланады.

2024-2025 оқу жылына арналған шекті балл:

– «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы үшін кемінде 75 балл,
– «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» саласы бойынша кемінде 70 балл,
– ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл,
– «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кемінде 60 балл,
– басқа жоғары оқу орындары кемінде 50 балл жинауы керек.

Білім беру грантына түсетін үміткерлерге тағайындалған жеңілдіктер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысында көрсетілген квоталар бойынша анықталады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі: өтініш; білім туралы құжат (аттестат немесе диплом қосымшасымен) — тұпнұскасы; жеке куәлiк көшірмесі; 075/У үлгісіндегі медициналық анықтама; тестiлеу нәтижелерi бар сертификат; 3*4 фотосурет — 4 дана.

Check Also

За нарушение выпаса скота оштрафованы более 2 тысяч сельчан в области Абай

С начала года в области Абай произошло 168 дорожно-транспортных происшествий с участием бесхозных животных, в …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *