Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы инспекторлық тексерістен өтуде.Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов бастаған арнайы комиссия Павлодар гарнизонынан кейін тексеру жұмыстарын Семейдегі 5511 әскери бөлімінде жалғастыруда.
Төрт жылда бір келетін кешенді тексеріс әріде Өскемен гарнизонына қарасты Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің жауынгерлік даярлығы мен кәсіби біліктіліктерін сынайды. Басты мақсат- «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жауынгерлік жай-күйін, әскери қызметшілердің кәсіби қабілеттерін анықтау. Тексеріс барысында әскери қызметшілер оқу-жаттығу, тактикалық, дене және атыс даярлығы, мемлекеттік құқықтық дайындық, әскери топография және басқа да негізгі пәндер бойынша сынақ тапсырады.
Бағдат Амангелді,
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі бастығы