Үржар ауданында спорт залдары ашылды

Ауданға қарасты Қарақол, Таскескен, Елтай ауылдарында жастарды спортпен шұғылдануға, бос уақыттарын тиімді өткізуге бағытталған спорт залдары ресми түрде ашылды.

Залдар «Батыр боламын» қоғамдық қорының бастамасымен ашылды. Жобаның жүзеге асуына «Қазақстан халқына» қоры мен ауыл балаларының спортпен шұғылдануына жағдай жасауға бей-жай қарамаған бірқатар азаматтар да өз үлестерін қосты.

Бұл жаңа спорт залдары Қазақстан аймақтарындағы спорт инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған үлкен жобаның бір бөлігі.

Ауданның Ақжар және Сегізбай ауылдарында да залдар ашылды. Биыл қоғамдық қордың қолдауымен Қазақстанда дәл осындай осындай 76 зал, оның ішінде Абай облысының 17 елді мекенінде күрес және бокс залдары ашылады деп жоспарлануда.

Check Also

Қасым-Жомарт Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысы Хироши Микитаниді қабылдады

19.12.2025. Жапониядағы ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Rakuten Group компаниясының негізін қалаушы, басқарма төрағасы және …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *