Абай облысында 2500-ден астам тұрғын биыл некеге тұрған

Үйлену тойы – әр адамның өміріндегі маңызды әрі жауапты қадам. Некеге тұрудың алғашқы кезеңі – өтініш беру және неке қию туралы куәлік алу. Жыл басынан бері Абай облысында 2730 жұп некеге тұрған, ал ажырасуға 448 отбасы өтініш берген.

Некені тіркеу үшін болашақ жас жұбайлар АХАТ бөлімдеріне (РАГС) ХҚКО арқылы өтініш беруі қажет. Сонымен қатар өтінішті электрондық үкімет порталы – egov.kz арқылы да жіберуге болады.

Өтініш берген кезде келесі құжаттарды ұсыну қажет:

— Жеке басын куәландыратын құжаттар;

— Егер некелесу екінші рет болса, алдыңғы некенің бұзылғаны туралы куәлік;

— Балалары бар болса, балалардың туу туралы куәліктері;

— Мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек (2024 жылы баж мөлшері 3 864 теңгені құрайды, төлем кез келген банктің кассасында жүргізіледі).

АХАТ қызметкері сіздің өтінішіңіз бен құжаттарыңызды қабылдаған соң, неке қию рәсімінің күні белгіленеді. Бұл күн өтініш бергеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап он бесінші күнге сай келеді.

Белгіленген күні АХАТ бөліміне барып, неке қию туралы куәлікті алу қажет. Сол күннен бастап сіз ресми түрде ерлі-зайыпты болып саналасыз, ал сіздің некеңіз заңды түрде тіркелген болып есептеледі.

Айта кетсек, Семей қаласындағы АХАТ бөлімі Найманбаев көшесі, 139-үйде орналасқан.

Check Also

Дорожное движение на автодороге Калбатау-Майкапчагай будет открыто до конца года

18.04.2025. Сегодня в области Абай официально открыт сезон дорожного строительства. В мероприятии открытия, которая проходила …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *