«Шаштараз өнері» республикалық кәсіби шеберлік конкурсы басталды

Бүгін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтері арасында «Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының салтанатты ашылуы өтті.

Бұл конкурс WorldSkills халықаралық стандарттарына сәйкес өткізіліп, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі шығармашыл әрі талантты педагог қызметкерлерді анықтауға және қолдауға, сондай-ақ озық педагогикалық тәжірибені кеңінен таратуға бағытталған.

Биыл облысымызда алғаш рет ұйымдастырылған іс-шарада еліміздің 14 облысынан 36 қатысушы бақ сынайды.

Қатысушыларды бағалау үшін елімізге танымал әлеуметтік серіктестер мен «Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша халықаралық чемпионаттардың жоғары деңгейлі сарапшылары, сондай-ақ Талдықорған мен Атырау қалаларынан келген WorldSkills ұлттық чемпионатының мамандары шақырылды.

Конкурс барысында педагогтер өздерінің кәсіби біліктілігін көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытудың жаңа әдістерін көрсетеді.

Check Also

Касым-Жомарт Токаев принял главу компании Rakuten Group Хироши Микитани

19.12.2025. Находящийся с официальным визитом в Японии Президент Казахстана провел встречу с основателем, председателем правления …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *