08.06.2026. Abai.Media. Абай гарнизонының әскери бөлімдерінде жазғы оқу кезеңі басталар алдындағы базалық дайындық сабақтары жүргізілуде. Дайындық барысында әскери қызметшілер тактикалық дайындық, тактикалық медицина, атыс дайындығы, инженерлік дайындық, байланыс дайындығы және әскери топография бойынша білімдері мен тәжірибелерін жетілдіруде.
— Оқу мерзімі басталар алдындағы базалық дайындық жүргізілуде. Бұл сабақтар барлық жеке құраммен өткізіледі. Негізгі алты пән бойынша сабақтар бір ай көлемінде ұйымдастырылған. Яғни жеке құрам осы айдың соңына дейін арнайы бөлінген сағаттар бойынша дайындықтан өтеді. Осыдан кейін барып әскери қызметшілердің мамандықтарына сәйкес арнайы дайындық сабақтары басталатын болады
дейді 30217 әскери бөлімінің штаб бастығы, подполковник Елдос Айткенов.
Сабақтардың басты мақсаты – әскери қызметшілердің кәсіби даярлығын арттырып, жауынгерлік әзірлігін нығайту. Оқу барысында теориялық білім тәжірибемен ұштастырылып, түрлі практикалық жаттығулар орындалуда.
– Базалық дайындық сабақтары бізге әскери істің негізгі бағыттарын тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді. Әсіресе тактикалық дайындық пен тактикалық медицина бойынша алған біліміміз қызмет барысында өте қажет. Сабақтар қызықты әрі пайдалы өтуде
дейді 30217 әскери бөлімінің барлау-шабуылдау ротасының жас сарбазы қатардағы жауынгер Бейбіт Алайдар.
Аталған іс-шаралар әскери қызметшілердің кәсіби шеберлігін жетілдіріп, қойылған міндеттерді сапалы орындауға мүмкіндік береді.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі