Абай облысының спортшысы Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирінде топ жарды

10.05.2026. Abai.Media. 8-10 мамыр күндері Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирі өтіп жатыр. Қазақстанда төртінші мәрте ұйымдастырылып отырған байрақты бәсекеге әлемнің 39 елінен 300-ден астам спортшы қатысуда. Турнирде Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпиондары және әлемдік рейтинг көшбасшылары бақ сынауда.

Аталған жарыста Абай облысының спортшысы Жалғас Қайролла 81 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, турнир чемпионы атанды.

Жалғас Қайролла жарыс жолында Қырғызстан өкілі Ратбек Жұманазаровты, Тәжікстан спортшысы Бехруз Хожазоданы, Молдова балуаны Виктор Стерпуды және қазақстандық Досхан Жолжақсыновты жеңіп, финалдық белдесуде молдовалық Петру Пеливаннан басым түсті. Осылайша, ол өз спорттық мансабындағы Grand Slam санатындағы алғашқы алтын медалін иеленіп, ел мерейін үстем етті.

Сонымен қатар, турнирде Абай облысының намысын 57 келі салмақта Карина Каракенова, 60 келіде Нұрлат Сұңғатұлы, 70 келіде Ажар Асхатқызы, 73 келіде Ануар Жұмагелдин және 81 келіде Ерзат Арғынов қорғады.

Жарыстың соңғы күнінде 90 келі салмақ дәрежесінде Абай облысының өкілі Барақ Арқабай татамиге шығады.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Check Also

Спортсмен из области Абай стал победителем международного турнира Qazaqstan Barysy Grand Slam

10.05.2026. Abai.Media. С 8 по 10 мая в столичном Дворце единоборств имени Жаксылыка Ушкемпирова проходит …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *