Биыл Семейде 8 мың түп ағаш егіледі

01.05.2026. Abai.Media. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Семей қаласын көгалдандыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли қаланың орталық көшелерінің бірі саналатын Титов көшесінің бойында ағаш көшеттерін отырғызу рәсіміне қатысты.

Семей қаласында 25 сәуірден ағаш отырғызу жұмыстары басталды. Биыл шаһарға «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпы саны 8 мың түп ағаш егу жоспарланған. Осы уақытқа дейін қалада мыңнан астам ағаш отырғызылды.

Облыс әкімі Семейді жасыл желектендіру бағытындағы жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы аясында Семейде ағаш көшеттерін отырғызу жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Үкіметтің келісімімен «Семей орманы» табиғи орман резерватына қарасты Қазақстан мен Ресей Федерациясы шекарасы маңындағы демаркацияға енген аумақтағы ағаштарды қалаға әкеліп, егу жұмысы басталды. Ең бастысы, қала көшелеріне отырғызылған ағаштарды уақтылы суғарып, әрдайым күтім жасап отыру керек

деді Берік Уәли.

Аймақ басшысы ағаш отырғызу рәсімінен кейін қала аумағында жүргізіліп жатқан абаттандыру және қоғамдық кеңістіктерді жаңарту жұмыстарының барысымен танысты. Юность кентіндегі саябақты көріп, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жобалардың жүзеге асырылуын қадағалады.

Юность ауданындағы саябақ құрылысы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең былтыр аяқталған. Оның аясында балаларға арналған ойын алаңы салынып, қылқан жапырақты және жапырақты ағаш отырғызылып, мыңнан астам сәндік бұта мен көпжылдық гүл егілді. Аумақ көгалдандырылып, брусчатка төселіп, асфальт салынды.

Былтырғы бірінші кезең аясында бұл аумақ жаңа кейіпке енді. Абаттандыру жұмысын сапалы атқарған сол мердігер мекемемен екінші кезеңді тездетіп бастау керек

деді облыс әкімі

Жергілікті тұрғындар абаттандыру жұмыстарына ризашылықтарын жеткізді.

Бұрын бұл жердің батпағы шығып жататын. Қазір керемет алаңға айналды. Көрші маңның бәрі осында келіп, демалады. Бұрнағы жылдармен салыстырғанда Юность кенті анағұрлым жақсарып, жайнап келеді. Қаламыздың күннен күнге көркейіп келе жатқанына қуаныштымыз

дейді тұрғындар.

Аймақ басшысы биыл Семейді абаттандыруға айрықша көңіл бөлінетінін атап өтті. Әсіресе бұрын асфальт төселмеген көшелер мен аула аумақтарына басымдық беріледі.

Былтыр 40 аулаға асфальт төселсе, биыл екі жарым есеге көбейіп, 100 аулаға асфальт төселеді. Өткен жылы 52 көше орташа жөндеуден өтсе, биыл 100 көшеге орташа жөндеу жүргізіледі. Былтыр Семейде 35 аула абаттандырылса, 3 есеге артып, 100 аула абаттандырылады. Сондай-ақ, 100 көше жарықтандырылады.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Check Also

Министр обороны наградил призеров военно-патриотического соревнования в Узбекистане 

01.05.2026. Abai.Media. В Астане состоялась встреча руководителя оборонного ведомства генерал-лейтенанта авиации Даурена Косанова с участниками …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *