«Қазақмыс» корпорациясы Аягөз ауданының дамуына үлес қосады

01.05.2026. Abai.Media. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасының қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Әлібек Мұқатаев және осы компанияның өңірлік даму департаментінің директоры Медет Дүйсембаевпен кездесті.

Кездесу барысында Аягөз ауданында әлеуметтік жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Айта кетейік, бұған дейін Аягөз ауданы әкімдігі мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Құжат өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Меморандум аясында биыл жалпы құны шамамен 200 млн теңгені құрайтын бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Атап айтқанда, Малгелді ауылдық округіне қарасты Қорық елді мекеніндегі мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізу және балалар ойын алаңын салу, Аягөз қаласында Ақтамберді жыраудың 350 жылдығына орай ипподром салу көзделген.

Аймақ басшысы бұл жобалардың іске асуы Аягөз ауданының дамуына серпін беретінін атап өтіп, компания басшылығына бизнестің жауапкершілігі аясындағы қолдауы үшін алғысын жеткізді.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Check Also

Госкорпорация расширяет сервис доставки готовых документов из ЦОН

24.07.2026. Abai.Media. Государственная корпорация «Правительство для граждан» расширяет перечень государственных услуг, по которым будет доступна …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *