Ақсуат ауданында Астана тұрғыны марихуана сақтағаны үшін ұсталды

Ақсуат ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Астана тұрғынының жалдамалы үйінде есірткі заттарын сақтағанын анықтады.

Алынған ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшылары дереу көрсетілген мекен-жайға барып, үйде тінту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, үйден есірткі заттарына ұқсас заттар салынған пакеттер табылды. Пакеттер заттай айғақ ретінде тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар 23,88 грамм кептірілген марихуана болып шықты.

Аталған факті бойынша есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз айналысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Check Also

Абай облысында күзгі жиын-терім жұмыстарының барысы талқыланды

07.09.2026. Abai.Media. Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында Абай облысындағы …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *