Сарбаздар үшін шығармашылық демалыс күні

17.02.2026. Жексенбі күні сарбаздардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінің мәдени орталығында әскери-патриоттық орталығы өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.

Кеш барысында өнерпаздар патриоттық және лирикалық әндерді орындап, әсерлі билерін көпшілікке ұсынды. Мазмұнды концерт мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің көңіл күйін көтеріп, рухани серпіліс сыйлады. Әсіресе Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптейтін әндер сарбаздарға ерекше әсер қалдырды.

Шара соңында әскери қызметшілер өнерпаздарға алғыс білдіріп, мұндай мәдени кездесулердің тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті. Осындай игі іс-шаралар сарбаздардың бірлігін нығайтып, олардың әскери қызметке деген жігерін арттыра түседі.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Check Also

Госкорпорация расширяет сервис доставки готовых документов из ЦОН

24.07.2026. Abai.Media. Государственная корпорация «Правительство для граждан» расширяет перечень государственных услуг, по которым будет доступна …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *