09.02.2026. Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан шақырылған жас сарбаздар Ұлттық ұланның Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімінде әскери ант қабылдады. Салтанатты шараға әскери бөлім басшылығы мен ардагерлері, сарбаздар ата-аналары, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Әскери ант қабылдағандар қатарында өткен жылы орын алған төтенше жағдай кезінде адам өмірін құтқарып, ерекше батылдық танытқан қатардағы жауынгер Диас Тәңірбергенов те бар. Оның қайсарлығы мен жанқиярлығы мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, таяуда Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.
— Мен әскери бөлімге келгеннен күннен бастап өмірім жарқын сәттерге толы болды. Өйткені, өткен жылы танытқан батылдығымды елеп ескерген төтенше жағдайлар министрілігі Ұлттық ұланның әскери бөліміне арнайы келіп, мені марапаттады. Ал, бүгін тағы да бір есте қаларлық сәттің бірі орын алды. Мен өз Отанымның игілігі үшін әскери борышымды адал орындаймын деп сенімді түрде айта аламын
дейді қатардағы жауынгер
Мерзімді әскери қызметшілер бір жыл көлемінде стратегиялық маңызы бар мемлекеттік нысандарды күзетеді. Шара соңында жас жауынгерлердің туған-туыстары казарма үй-жайына, сарбаздар асханасына, медициналық бекетке бас сұғып, бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысты.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі