12.12.2025. Мемлекет басшысы Түрікменстанның саяси ұстанымы тұтас Еуразия құрлығының тұрақтылығы мен орнықты дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Аталған форумда көтерілген бастамалар ХХІ ғасырдағы бейтараптықтың мән-маңызына жаңаша көзқарас қалыптастырады.
Қазақстан Президенті Түрікменстанның бейтарап саяси ұстанымы түрікмен халқының сан ғасырлық мәдени дәстүрімен және рухани құндылықтарымен үйлесетінін айтты.
– Түрікмен классикалық әдебиетінің негізін қалаушы, Шығыстың көрнекті ойшылы Мақтымқұлы Пырағы: «Тыныштық болса ел өседі, әділдік болса сенім күшейеді» деген. Ұлы данышпанның дүниені терең таныған идеялары қазіргідей алмағайып халықаралық жағдайда да өте өзекті бола түскені сөзсіз
деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
t.me/aqorda_resmi