Абай облысында алғаш рет жүрек ісігін алып тастау бойынша операция жасалды: көмек МӘМС жүйесі аясында тегін көрсетілді

13.11.2025. Абай облысында алғаш рет Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасында жүрек миксомасын — жүрек қызметін кенеттен тоқтатуға әкелуі мүмкін сирек кездесетін қатерсіз ісікті алып тастау бойынша күрделі операция сәтті өткізілді. Кардиохирург-дәрігерлер операцияны табысты орындап, 54 жастағы пациент қазір сауығып келеді және өз өмірін сақтап қалған медицина ұжымына алғысын білдіруде.

Кардиохирург Дос Амановтың айтуынша, пациент шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген:


Әйел жүрек соғысының жиілеуі мен аяқ-қолдарындағы ауырсынуға шағымданып келді. Жүрекке жасалған УДЗ нәтижесінде сол жақ жүрекше қуысында көлемді түзіліс анықталды. Диагноз — жүрек миксомасы. Ісік қатерсіз болғанымен, ол жүрек қақпақшасының саңылауын толық жауып, жүректің кенеттен тоқтауына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, оның бетінде тромбтар (эмболдар) түзіледі, бұл инсультке себеп болады. Сол себепті операцияны шұғыл түрде жасау қажет болды.

Дәрігердің айтуынша, мұндай операцияларды жасау аймақтағы кардиохирургиялық қызметтің дамуының арқасында мүмкін болып отыр:


Бұрын мұндай диагноз қойылған науқастар республикалық орталықтарға жіберілетін. Енді біз мұндай араласуларды Семей қаласында өзіміз орындай аламыз. Бұл уақытты үнемдеп, қауіп-қатерді азайтады және тез сауығуға мүмкіндік береді. Жеке клиникаларда мұндай жүрек операцияларының құны үш миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін, алайда біздің пациент толық емді тегін алды — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, елімізде жыл сайын төрт мыңнан астам ашық жүрекке операция жасалады, олардың шамамен екі жүзі — ісіктерді алып тастауға қатысты. Осы уақытқа дейін мұндай операциялар Абай облысында жүргізілмеген, сондықтан тұрғындарға көмек алу үшін жүздеген шақырым жол жүруге тура келген.

Пациент Евгения Левандовская диагноздың өзіне күтпеген жаңалық болғанын айтады:


Мен жоспарлы тексеріске келген едім, ал жүрегімнен ісік табылады деп ойламадым. Бірнеше күннен кейін мен операция үстелінде болдым. Дәрігерлер командасы мені ерекше қамқорлық пен назарға алды, тәулік бойы қолдау көрсетті. Отадан кейін өзімді тамаша сезінемін, тіпті жаңа өмірге ие болғандаймын.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жүрек-қан тамыр аурулары еліміздегі өлім-жітімнің басты себебі болып отыр — олардың үлесіне барлық жағдайлардың шамамен 40 пайызы тиесілі. Дәрігерлер мұндай оқиғалар уақытылы тексерілудің өмірді сақтап қалуға мүмкіндік беретінін атап өтеді.

Әр адам өз денсаулығын бақылап, уақтылы скринингтен өтуі тиіс. Артериялық гипертониямен ауыратындар жылына кемінде бір рет эхокардиографиядан өтіп тұруы қажет, — дейді Дос Нұркенұлы. — Тіпті өзіңізді сау сезінсеңіз де, жүрек аурулары көп жағдайда белгісіз өтеді, ал ерте диагностика ғана сауығуға мүмкіндік береді.

Евгения Левандовская аурухана ұжымына шын жүректен алғысын білдіреді:
Мен бүкіл бөлім ұжымына шынайы ризашылығымды айтамын. Олар менің өмірімді ғана емес, сонымен қатар өңір медицинасына деген сенімімді де қайтарды. Әсіресе МӘМС жүйесінде жұмыс істейтін мамандарға ерекше алғыс білдіремін: енді мен бұл жүйенің қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Себебі қажетті жағдайда әрбір адам, төлем мөлшеріне қарамастан, тегін және сапалы көмек ала алады.

Check Also

Ранняя диагностика станет доступнее в 2026 году

03.12.2025. В Фонде социального медицинского страхования рассказали, какие медицинские услуги с января 2026 года переходят …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *