Семейдегі жас сарбаздар қатары толды

10.11.2025. Семей қаласындағы №49 жалпы орта білім беретін мектепте жаңа оқу жылынан бастап алғаш рет орыс тілінде «Жас сарбаз» сыныбы ашылған болатын.  Оған 7-ші сынып оқушылары қабылданып, әскери іске қызығатын ұл-қыздарбелсенді түрде оқып, саптық дайындықты, оқу-жаттығудың ерекшеліктерін, әскери шендерін меңгеріп, қаруды құрастыру мен бөлшектеуді үйрене бастады.

Күні кеше жас курсанттар әскери ант қабылдады. Ант қабылдау кезінде оқушылар дене жаттығулары мен саптық жүріс дағдыларын көрсетті. Алғаш «Жас сарбаз» сыныбына қабылданған жас курсанттар адалдыққа, жауапкершілікке, тәртіпті болуға, жақсы оқып, дамуға, ең бастысы – «Жас сарбаз» атағын, өз мектептерінің абыройын жоғары ұстауға салтанатты түрде ант берді.

 Шараға Абай облысы қорғаныс істер департаменті бастығының орынбасары подполковник Қанат Шәріпханов, «Дарын» орталығының әскери-патриоттық бағытты дамыту бөлімінің басшысы Болат Құрманов қатысты. Салтанатты ант қабылдау шарасына оқушылардың ата-аналары да қатысып, алғыстарын білдірді.

Салтанатты кеш соңында білім ордасының өнерпаздары қонақтарға тамаша кеш сыйлады.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Check Also

Ранняя диагностика станет доступнее в 2026 году

03.12.2025. В Фонде социального медицинского страхования рассказали, какие медицинские услуги с января 2026 года переходят …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *