Семей қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

31.10.2025. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Абай облысы бойынша филиалы хабарлайды: 2025 жылғы 1 қарашадан бастап Семей қаласындағы №2 халыққа қызмет көрсету бөлімі кезекші кесте бойынша жұмыс істейтін болады. Жаңа мекенжай: Бауыржан Момышұлы көшесі, 22.

Қазіргі уақытта кезекші кесте бойынша №1 ХҚКО (408-ші квартал, 21 мекенжайы) жұмыс істеп тұр. Алайда 1 қарашадан бастап ол бөлім қалыпты режимде қызмет көрсетеді.

Стандартты жұмыс кестесі бойынша ХҚКО-лар азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.

Ал кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары апта ішінде сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, алдын ала кезекке жазылу «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

Abai.Media

Check Also

Ранняя диагностика станет доступнее в 2026 году

03.12.2025. В Фонде социального медицинского страхования рассказали, какие медицинские услуги с января 2026 года переходят …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *