Семей қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелерінің жұмыс кестесі өзгерді

10.10.2025. Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы Семей қаласының тұрғындарын бірқатар бөлімшелердің жұмыс уақытының өзгергені туралы хабардар етеді.

2025 жылғы 13 қазаннан бастап АХАТ бөлімі, Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық және Жер кадастры бөлімі келесі кесте бойынша жұмыс істейтін болады: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін.

Түскі үзіліс уақыты өзгеріссіз қалады – 13:00-тен 14:30-ға дейін.

Сонымен қатар, Семей қаласындағы ХҚКО-лар бұрынғы тәртіппен қызмет көрсетеді:

* дүйсенбіден жұмаға дейін – 09:00-ден 18:00-ге дейін;

* кезекші ХҚКО жұмыс күндері – 09:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күні – 09:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Абай облысы бойынша Мемлекеттік корпорация филиалы тұрғындардың түсіністік танытқаны үшін алғыс білдіреді және бөлімшелерге баруды жаңа жұмыс кестесін ескере отырып жоспарлауды сұрайды.

Abai.Media

Check Also

Госкорпорация расширяет сервис доставки готовых документов из ЦОН

24.07.2026. Abai.Media. Государственная корпорация «Правительство для граждан» расширяет перечень государственных услуг, по которым будет доступна …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *